Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Сұхбат барысында екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Malim Админ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Палата Спикері Елшіге ілтипат білдіре келіп, жоғары деңгейдегі өзара сенімге негізделген диалог Қазақстан мен Моңғолия ынтымақтастығын әрі қарай нығайтудың негізгі кепілі екенін атап өтті.

Осыған байланысты ол қазіргі таңда халықаралық ұйымдар аясында белсенді дамып келе жатқан екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын арттыра түсудің маңызы зор екеніне назар аударды.

«Қазақстан мен Моңғолия байланысының маңызды бағыттарының бірі – парламентаралық диалог. Біз алдағы уақытта Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстан Парламентінің Сенатында Моңғолия Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды. Мемлекеттік Ұлы Хуралда да «Моңғолия-Қазақстан» деп аталатын парламенттік достық тобы жұмыс істейді. Алдағы уақытта осы бағыттағы белсенді байланыс Парламенттер арасындағы қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік береді және заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға жол ашады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы екі ел арасында түрлі саладағы байланыстар тиімді дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025

Украинадан Қазақстанға келген жаңа елші туралы не белгілі?

08.04.2025

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

06.02.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Украинадан Қазақстанға келген жаңа елші туралы не белгілі?

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындады. Бұл лауазымға ұзақ жыл дипломатиялық тәжірибесі бар, тіпті кезінде сыртқы істер министрі болған Виктор Майко келді

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев