Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады

Сабина Асқарқызы

  • 01.05.2025

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Телефон тұтқасын көтергеннен кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс. 

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Яғни, енді қызметкерге сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ, дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Айта кетейік, аталған талаптарды орындамаған маман жазаға тартылады.  

Осы Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуы әрине, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен жаза қолданылады, - дейді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова.

Фото: Pixabay 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

30.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Максим Рожин: Жауапкершілік пен әдеп жоқ жерде келеңсіздік көбейеді

14.03.2025

Енді микроқаржы ұйымдары борышкерге күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды

05.02.2025
MalimBlocks
Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Максим Рожин: Жауапкершілік пен әдеп жоқ жерде келеңсіздік көбейеді

Балаларымыз үшін қорқып, мектепке дейін шығарып салып, алып кететін жағдайға жеттік

Енді микроқаржы ұйымдары борышкерге күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды

Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді.