457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Табысын жасырған 500 блогер жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстанда 500-ге жуық блогер салық органдарының ескертуіне қарамастан, табысын жария етпей, мемлекетке төлем жасаудан бас тартқан, деп хабарлайды Malim.kz Kursiv сайтына сілтеме жасап.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, камералдық бақылау аясында 850 блогерге ескерту жолданған. Оның ішінде шамамен 360 блогер табысын 10,5 млрд теңге көлемінде жариялап, 256 млн теңге салық төлеген. Ал 500-ге жуық блогер ешқандай әрекет жасамаған.

2025 жылдың ақпанында Мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогердің 53,3 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырғанын анықтаған. Техникалық ақауларға байланысты 169 ескерту уақытша қайтарылып, кейін қайта жіберілген. Ал наурыз айында 63 блогер 2,8 млрд теңге көлемінде қосымша табысын көрсетіп, 105 млн теңге салық төлеген.

Қазіргі уақытта қалған берешек сомасы нақтыланып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жөнінде қосымша ақпаратты кейінірек жариялайтын болады. Вице-министрдің айтуынша, ескерту алғанымен талапты орындамаған блогерлерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылдануы мүмкін.

Фото: istockphoto.com