Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 02.02.2021

Жыл басталғалы Батыс Қазақстанда мұнайшылар ереуілі басылмай тұр. Ақпанның бірі күні Жаңаөзенде «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс уақытын реттеуді талап етті.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали мұнайшылардың биыл ереуілге жиі шығуын экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік жағдайдың төмендеуімен байланыстырады. Оның сөзінше, мұнайшылардың еңбек ақысын көтеруді талап етуі қалыпты көрініс.

«Мұнайшылардың еңбек ақысын көтеруді талап етуі демоктариялық қоғамда кәдуілгі көрініс. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынас нарықтық қоғамда келіссөздер арқылы жүреді. Біз оған көзіміді үйретуіміз керек... Бұған (мұнайшылардың ереуілге шығуына – ред) әлемдік экономикалық дағдарыс әсер етуі мүмкін. Олар дағдарыстық жағдайды сезініп, өзінің тұрмыстық деңгейін төмендетпеуге тырысады. Сондықтан талап қояды», - дейді Ғали.

Саясаткер Жанболат Мамайдың сөзінше, мұнайшылар ереуілге әлеуметтік теңсіздіктен шығуда.

«Ақтөбедегі мұнайшылардың жағдайын алып қарайтын болсақ, 67 мың теңге айлық алады екен. Бұл сұмдық, мазақ ету. Миллиардтаған долларды осы мұнайдан өндіреді, ал қарапайым жұмысшылар 67 мың теңге алады. Мұнайшылар қазір 130-140 мың теңге айлық алсақ деп талап қойып отыр... Бұл жерде өте үлкен теңсіздік бар. Өйткені осы мұнай компанияларын басқаратын адамдарың жағдайын алып қараңыздар. Тимур Құлыбаев сияқты олигархтарды, «Самұрық Қазына», «ҚазМұнайГаз» сияқты ұлттық компанияларда жұмыс істейтін адамдардың айлықтарын қараңыздар. Бір ғана автокөліктеріне жыл сайын 6 миллион теңге жұмсаймыз деп отыр. Бұл үлкен әлеуметтік теңсіздіктің көрсеткіші, көрінісі. Бұл қарапайым қазақтың жұмысшыларын құл етіп ұстаудың бір түрі», - дейді Мамай.

Жанболат Мамайдың пікірінше, билік мұнайшылардың мәселесін шешпесе, Жаңаөзен оқиғасы қайталануы мүмкін.

«Мәселені дереу арада шешпейтін болса, бұл үлкен әлеуметтік жарылысқа алып келуі мүмкін. Егер жағдай шешілмесе, Жаңаөзен қайталануы мүмкін... Экономикалық өсім болмайтын болса, пандемия, карантин тоқтамайтын болса жағдай қиындай береді. Бұл тек қана басы деп ойлаймын. Осындай ереуілдер, наразылық акциялары Қазақстанда көбейеді», - дейді Мамай.

Кеше Жаңаөзенде болған мұнайшылардың ереуілі соңғы бір айда болған бесінші наразылық. Бұған дейін Ақсайда «Bonatti» компаниясының жұмысшылар, Ақтауда «Си Бу» кәсіпорнының қызметкерлері, Ақтөбе облысында «КМК Мұнай» және «АМК Мұнай» компаниясының жұмысшылары қарсылық акцияларына шыққан. Олардың барлығы жалақыны өсіруді талап еткен. Ереуілге шыққан «КМК Мұнай» мен «АМК Мұнай» жұмысшылары қаңтардың 31-і күні компания басшылығы талаптарын орындауға келіскеннен кейін, жұмыстарына қайтып оралған.

Байланысты жаналықтар

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

21.11.2024

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

18.11.2024

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

17.11.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024
MalimBlocks
Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

5 қараша күні Ақтаудағы № 24 мектебінде оқушылар қатарласын ұрған болатын

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

Оған мәслихат депутаттары қарсы болған

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған