457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбедегі жол апаты: әкімдік марқұмдардың отбасына 1 млн теңге береді

Осыдан бес күн бұрын, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапқан болатын.

Оның екеуі – жүргізуші.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy редакция сауалына жауап бере отырып, қаза тапқандардың отбасына қандай материалдық көмек туралы айтты.

Яғни, әкімдік хабарлағандай, қаза болған 10 адамның (арасында бір үйдің адамдары да бар - авт) отбасына әкімдік 1 млн теңгеден материалдық көмек береді.

Ал, екі жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, жол апатынан 12 адам қаза тапты, ал түрлі дәрежедегі жарақат алған алты адам Хромтау аудандық ауруханасында жатыр.

Фото: скрин