Ноғаев пен Досмұхамбетов Шәпкеновке тозған компьютер қалдырып кетіпті

Біреулер бір оқпен екі қоян атып алады, Шәпкенов бір лотпен 1244 компьютер сатып алады!

Алмас НҮСІП

  • 18.05.2022

Атырау облысы әкімдігі бүкіл компьютерін жаңалап жатыр. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Онда сатып алушы Атырау облысы әкімінің аппараты 1244+9, барлығы 153 компьютер сатып алғалы жатқаны айтылған.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты ММ»; атауы – компьютер; әр данасының бағасы (жиынтық) – Т651 984; саны – 1244; жоспарлы сома – Т811 069 029», - делінген порталда жарияланған лотта.

Бұдан кейін екінші лот бойынша да сатып алатындары жазылған, онда компьтердің әр қайсысына 600 мың теңгеден жоғары ақша төленетіні жазылған, бірақ, нақты қаншаға дейін болатыны айтылмаған, соған қарағанда бұл 9 компьютер ерекше жиынтықталған болуы мүмкін деп болжадық. Бірақ, әкімдік екінші лотқа 5 592 861 теңге бөліпті.

Осынша компьютерді бір күнде, бір уақытта сатып алуға не себеп болды? Мәлім тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Серік Шәпкеновтің баспасөз хатшысы Әсел Ауданбаева ұсынған мәліметке қарағанда облысқа қарасты барлық әкімдіктегі компьютерлер ескірген. Келгеніне бір айдан енді асқан Шәпкенов мырза компьютерді жаңалап алмай іс жүрмейді деген сияқты.

«Қазір жергілікті атқарушы органдар қолданып жүрген компьютер техникалары 2011-2021 жылдары алынған. Ол кезде жиынтығы 1750 компьютер алынған. Компьютерлердің жұмыс істеу мерзімі 4 жыл, қазіргі компьютерлер өзін екі есе ақтады. 10 жыл ішінде қолдағы бар техника өз ресурсын жұмсап бітті, компьютердің көбі істен шыққан», - делінген әкімдіктің ресми жауабында.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша бүкіл облыстық атқарушы органдарда 1447 штаттық орын бар, бұл техникалық жұмыскерлерді айтпағанда. Биыл осының 1244-іне Windows 10 лицензияланған бағдарлама орнатылған процессоры бар барлық жиынтығымен компьютер орнатылады.

Оқи отырыңыз: Бізге популизм керек емес, әкім мырза! – Шәпкенов апатты үй тұрғындарын қайда көшіреді?

«Тапрсырыс берілген 730 222,92 теңге әр жиынтық үшін 730 224-тен басталып 1 230 045 теңгеге дейін баға белгілеген 9 коммерциялық ұсыныстың нәтижесінде қалыптасты. Осыған орай ыңғайлы баға таңдалды. Көрсетілген баға ақырғы баға емес, мүмкін мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу кезінде төмендеуі де мүмкін», - дейді Атырау әкімдігі.

1253 компьтерден басқа 194 компьтер әзірге іске жарамды сияқты, өйткені, әкімдік «қалған жарамды компьтерлер ары қарай жұмыс істей береді» депті.

Бір қызығы, әкімдік бізге берген жауапта басқа баға, мемсатыпалу порталында басқа баға көрсетілген. Порталдағы бірінші лотта 651 984 теңге әр жиынтыққа десе, әкімдік бізге жіберген хатта 730 222,92 теңге делінген. Бағаның түсуі мүмкін екенін (көтерілуі де мүмкін деген сөз) ескерткен әкімдіктің қазіргі көрсетіп отырған бағасына сүйенсек бірінші лоттың жалпы сомасы – 908 397 312,48 теңге шығады, оған әр қайсысы 600 мың теңгеден кем болмайтын 9 компьтерді қоссақ,  913 990 173,48 теңге жұмсалмақ. Ал, порталдағы есеп бойынша жалпы шығын 816 660 957 теңгені құрамақ.

Қазірдің өзінде арасы 100 миллион теңгеге жуық «ойнап» тұрған бұл сатып алудың конкурсы 24 мамырда басталып, 4 маусымда аяқталады. Демек, әлі талай өзгереді деген сөз. Не де болса, тұрғындары жол жоқ, үйіміз ескірген, дәрігерлер жетіспейді деп жиі шағымданатын облыстың атқарушы қызметкерлері компьютерге кететін ақшаны өздері айтқандай төмендетіп сатып алар деп үміттенеміз.

Оқи отырыңыз: Атырау - вахта қала, Шәпкенов - вахтер әкім

Әкімдіктерде негізінен жұмыс істеу үшін принтерлер көп қолданылатын, бірақ, бұл лоттарда ол көрсетілмепті, соған қарағанда, принтерлер тоза қоймаған сияқты. Мәлім тілшісі арнайы мамандарға хабарласып, 730 мың теңгеге бүкіл қосымша қызметімен қандай компьютер орнатуға болады деп сұрады. Атын атамауды сұраған бағдарламашылардың бірі әкімдік қойып отырған талапқа келетін компьютерді жарты бағасына да сатып ала салуға болатынын айтты. Оның үстіне, Windows-пен жұмыс істеу үшін соншалық күшті процессор керек емес, оған көрсетілетін қосымша қызметтер де көп қымбатқа шықпайды. Ал егер, ең оңтайлы нұсқаны таңдап, дәл осы көрсетілген ақшаға сатып алатын болса, онда, бүкіл Атыраудың үлкенді-кішілі шенеуніктері ең қымбат, ең заманауи, ең жетілген компьютермен жұмыс істемек.

Жақында ғана орнынан кеткен Махамбет Досмұхамбетовтің кезінде, одан бұрынғы Ноғаевтың кезінде жаңармаған компьютерлерді 2012 жылдан 2016 жылға дейін 4 жыл әкім болған Бақтықожа Ізмұхамбетов өзіне арнап сатып алған шығар, ал, қалған екі әкім осы төрт жылда өзінің міндетін атқарып болған, тозған компьютерлермен жұмыс істеп келген. Ал, Шәпкенов ескі-құсқыға ғана емес, арзан-құрзанға да қызықпайтынын көрсетіп отыр. Жұмысты да жаңа компьтерден кем істемейді деп сенеміз.

Суреттер ашық интернет көздерден алынды.

Байланысты жаналықтар

Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

26.12.2024

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

26.12.2024

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

25.12.2024

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

25.12.2024

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

25.12.2024

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

25.12.2024
MalimBlocks
Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

Зурабишвилидің президенттік өкілеттігі 29 желтоқсан күні аяқталады.

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті