Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 31.03.2021

Бюджеттен құрылысына 28 миллиард теңге жұмсалған Қарағанды патрон зауыты жекенің қолына берілмек.

Құрылысы 2016 жылы басталып, ірге тасын сол кездегі қорғаныс министрі Ирманғали Тасмағамбетов қалап, ашылуы сан мәрте кейінге шегеріліп, 2020 жылдың мамырында премьер-министр Асқар Маминнің өзі барып, лентасын қиған "STEEL MANUFACTURING"  Қарағанды патрон зауыты сатылымға қойылды. Рrivatization.gosreestr.kz сайтында зауыттың 95 пайызы жекенің қолына берілетіні жөнінде айтылған.

Бастапқыда 28 миллиард теңгелік зауыт «өнімдеріне 100 пайыз қазақстандық шикізатты пайдаланады, жылына 30 миллион дана патрон шығарады, 164 адамға жұмыс орнын береді» делінген. Бірақ шын мәнінде олай болмай шықты. «Теңдесі жоқ зауыт» барлық шикізатты шетелден алып, 164 емес, 64 адамды жұмыспен қамтыған. Бұған қоса, зауыттың табысынан шығыны көп болып кеткен. Атап айтқанда, 2020 жылы зауыт 132 миллион теңге табыс тауып, шығындарына 245 миллион теңге жұмсаған. Яғни, кәсіпорын былтырғы жылды 113 миллион теңге шығынмен аяқтаған.

2021 жылдың ақпан айында "STEEL MANUFACTURING" зауыты директорының орынбасары Даурен Арынов кәсіпорынның бірде-бір патрон шығармағанын мәлімдеді. Бір қызығы, ол осыған қарамастан, АҚШ-тың  Қазақстаннан 40 миллион тапанша патронын сатып алуға дайын екенін айтқан.

Оқи отырыңыздар: “Төртінші зауыт қажет емес”: Мұнайды Қытайға өңдемей сата береміз бе?

Жалпы, Қазақстанда ашылатын зауыттардың жарнамасы өзінен үлкен болатыны айтпаса да түсінікті. Осы уақытқа дейін президенттен бастап, облыс әкіміне дейін лентасын қиған кәсіпорындардың қаншасы жабылып, қаншасы сатылып кеткенін ойлаудың өзі қорқынышты. Алысқа бармай ақ, 2011 жылы дәл осы Қарағанды облысында «ҚазӘуеСпектор» зауыты пайдалануға берілген. Ол Ресейдің «Фермер» ұшақтарын құрастырады деп жоспарланған. Бірақ аты дардай кәсіпорын ақыр соңында бірде-бір ұшақ шығармастан жұмысын тоқтатқан...

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?