Познер мен Қадыров Канаданың «қара тізіміне» енді

Канада ресейлік 76 тұлға мен ұйымға қарсы санкция енгізді, бұл шешім Премьер-министр Трюдонын Киевке жасаған сапары кезінде жарияланды. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.
Дүйсенбіде Канада 76 жеке тұлға мен заңды тұлғаға қарсы санкция енгізгенін жариялады, Оттава Ресейдің Украинадағы агрессиясы үшін осылай шешім қабылдағанын айтты.
Жаңа санкциялық тізімнің жариялануы Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің үшінші жылдығына орай болды. Премьер-министр Джастин Трюдо таратқан мәлімдемеде енгізілген санкциялар Кремльдің әскери-өнеркәсіптік базасын басқаратын, украиналық балаларды заңсыз депортациялау немесе күшпен орын ауыстыруына қатысқан, сондай-ақ Кремльдің ақпараттық операциялар саласындағы мүмкіндіктерін қолдайтын тұлғаларға, сонымен қатар Путин режимін жақтайтын жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер мен олигархтарға қарсы бағытталғаны айтылған.
Санкция тізімінде тележүргізуші Владимир Познер, Ресейдің шаңғы жарыстары федерациясының президенті Елена Вяльбе, Ресей дзюдо федерациясының экс-басшысы Василий Анисимов, АНО «Диалог» басшысы Владимир Табак, «Металлоинвест» жетекшісі Марк Бузук және «Росатом» вице-президенті Илья Ребров бар.
Сонымен қатар, Ресейдің энергетика министрі Сергей Цивилев пен оның жұбайы Анна Цивилева, оны Владимир Путиннің жиені деп айтады, сондай-ақ Приморье өлкесінің губернаторы Олег Кожемя да тізімге енген..
Бұдан бөлек, АҚШ-тың санкциясына ұшыраған Кремльдің тапсырысы бойынша дезинформациялық кампаниялармен айналысқан Илья Гамбашидзе де бар.
Санкциялық тізімге германиялық журналист Хуберт Зайпель де кірді. Ол Владимир Путин туралы кітаптардың авторы және 2024 жылы Германияның журналистер қауымдастығынан шығарылды. Бұған дейін оның Алексей Мордашовпен байланысты офшорлардан жүздеген мың еуро алғаны анықталған болатын.
Бұрын Вашингтонның санкциясына ұшыраған Ахмат Кадыров қоры (оның басшысы – Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров) да Канаданың қара тізіміне ілікті. Бұл Қор Украинадан рұқсатсыз әкеткен балаларды лагерлерде «тәрбиелеумен» айналысатыны айтылған.
Фото: pranavesc_Shutterstock
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
