Канада әуежайында да ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Жолаушылар ұшағы қонып жатқанда бір дөңгелегі істемей қалған

Мәди Саматұлы

  • 29.12.2024

Канадада Халифакс әуежайы сенбі күні кешке уақытша жабылды. CBC News жазуынша, Сент-Джонстан келе жатқан ұшақ қонып жатқанда қиындыққа тап болып, ұшу жолағында сырғанап, бір бөлігі өртеніп кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұшақ ішінен түсірілген оқиға болған сәттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, ұшақтың дөңгелектерінің бірі қону кезінде дұрыс жұмыс істемеген. Ұшақ солға қарай 20 градусқа қисайып, осы сәтте қанат жолмен сырғанаған. Сөйтіп, ұшақтың сол жағынан өрт шығып, терезелерден түтін кірген.

Ұшақта қанша адам болғаны әлі белгісіз.

Әуежай таратқан мәлімдемеде бұл оқиғаның Air Canada компаниясының 2259 рейсінде болғаны, оны PAL Airlines компаниясы орындағаны айтылған. Оқиға жергілікті уақытпен шамамен кешкі сағат 21:30-да болған.

Ұшақтың барлық жолаушысы аман-есен эвакуацияланған. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақта 80-дей жолаушы болған.

Әуежай мәліметінше, ұшақ қонған ұшу жолағының бірі қайта ашылған.

Фото: cbc.ca / Nikki Valentine

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

27.03.2025

Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

24.03.2025

Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

24.03.2025

Тағы бір ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты

18.03.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан шығатыны белгілі болды

06.03.2025

«Жомарт» кенішіндегі апат. Тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды

05.03.2025
MalimBlocks
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды

Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды,

Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды

Тағы бір ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты

Ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, бесеуі аман қалды. Оның себебі анықталып жатыр

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан шығатыны белгілі болды

«Жомарт» кенішіндегі апат. Тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды

Оқиғаны көзімен көрген куәгерлер арасында сауалнама жүргізілді