Шорт-тректен Әлем кубогінде ел құрамасы Kazakh Nomads атауымен шықты

Жарыс биылдан бастап жаңа форматта ұйымдастырып жатыр

Мәди Саматұлы

  • 26.10.2024

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) шешімі бойынша, биылдан бастап байрақты бәсеке World Tour деген атаумен және жаңа форматпен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, жарысқа қатысушы мемлекеттер енді ел атымен емес, командалық атаумен өнер көрсетеді. Сондай-ақ, әр команданың өз тотемі болады. Ұйымдастырушылар мұндай өзгерісті көрермендердің қызығушылығын арттыру мақсатында жасап отыр. Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары енді Әлем кубогі кезеңдерінде Kazakh Nomads деген атаумен сынға түседі.

Сонымен қатар, Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Әлем кубогі форматына да бірқатар өзгеріс енгізген. Мәселен, әлемдік рейтингте үздіктер қатарында тұрған спортшылар Әлем кубогінің бастапқы кезеңдеріне қатыспайды. Жаңа ереже бойынша енді әлемдік жарыстарда 17 жастан асқан спортшылар ғана өнер көрсете алады.

Жарысқа ел атынан ерлер сапында: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Айбек Нәсен, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаевтар, әйелдер сапында: Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Зейнеп Құмархан қатысып жатыр.

Айта кетейік, World Tour жарысына Қазақстан құрамасынан бөлек, Канада (Canadian Ice Maples), Қытай (Chinese Loongs), АҚШ (USA Eagles), Оңтүстік Корея (Korean White Tigers), Жапония (Japanese Ninjas), Бельгия (Belgian Ice Bears), Италия (Italian Gladiators) және Нидерланд (Dutch Lions) спортшылары қатысады.

Шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңі 25-27 қазан күндері Монреальда өтеді. Екінші кезеңді 1-3 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Байланысты жаналықтар

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді