Премьер-министр Нұрлан Ұранхаевқа алғыс айтып, жаңа әкім Берік Уәлиді таныстырды

Malim Админ

  • 17.02.2025

Облыс активімен кездесуде Премьер-министр өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін Нұрлан Ұранхаевқа алғыс білдірді.

 Олжас Бектенов облыстың жаңа әкімі Берік Уәлиді таныстырды. Өңір басшылығы алдына Президент экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде ауқымды міндеттер қойғаны атап өтілді.

Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін аша отырып, туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажет.

Абай облысы Ресей және Қытаймен шектеседі, халықаралық транзиттік сауда торабы саналады, сондықтан қолда бар транзиттік әлеуетті барынша пайдалану қажет. Аягөз-Тачэн бағытындағы теміржол және «Бақты» құрғақ порты құрылысы бойынша маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін бақылауда ұстау тапсырылды.

 Сондай-ақ өңір халқын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады