Путин Пригожиннің бүлігі кезінде ұшқыштар өлгенін мойындады

Ресей президенті Владимир Путин Бірінші арнадан халыққа үндеу жолдады.

Malim Админ

  • 27.06.2023

Путиннің – «Вагнер» жалдамалыларының жетекшісі Пригожин бүлігінен кейін алғаш эфирге шықты. Путин бүлік кезінде әскери ұшқыштар өлгенін мойындады. Бұған дейін ұшқыштардың қаза тапқаны ресми расталмаған болатын.

«Ұшқыштардың ерлігі Ресейді сақтап қалды»,- деді Путин. Бірақ олардың қазасына кінәліні атамады, кім жауап беретінін де айтпады.

Путин «Вагнер» жауынгерлерін әлдекім пайдаланбақ болғанын, бірақ олардың «соңғы сызықтан өтіп кетпей, дұрыс шешім қабылдағанына» алғыс айта отырып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауды немесе үйлеріне оралуды, не болмаса Беларуссияға кетуді ұсынды.

«Кеткісі келгендер Белоруссияға кете берсін. Уәдемді орындаймын. Қайталаймын, әркім өзі таңдасын, бірақ бұл - қателігін түсінген Ресей жауынгерінің таңдауы болады деп сенемін», – деді Путин.

Путин 24 маусымда оқиға басталған кезде-ақ қантөгіске жол бермеуге бұйрық бергенін мәлімдеді.

Алайда Евгений Пригожин бастаған «Вагнер» жалдамалылары Мәскеуге «әділет жорығы» кезінде Ресей тұрақты әскерінің бірнеше тікұшағы мен ұшағын атып түсіргені, бірнеше ұшқыш (нақты саны туралы ресми ақпарат жоқ) қаза болғаны туралы хабар тараған.

Путиннің сөзінше, бүліктің тоқтауына шешуші ықпал еткен күш - Ресей қоғамының ынтымағы мен патриоттық көңіл күйі болған. Ол Александр Лукашенкоға «жағдайды бейбіт шешуге үлес қосқаны үшін» ризашылығында білдірді.

Үндеу алдында Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің үндеуі «Ресейдің алдағы тағдырын анықтайды» деп мәлімдеген болатын.

23 маусымда «Вагнер» жалдамалыларының жетекшісі Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін «тылымыздан зымыранмен атты» деп айыптап, қорғаныс министрі Шойгу мен бас штаб бастығы Валерий Герасимовты жауапқа тарту үшін Мәскеуге қарай «әділет жорығына» аттанатынын мәлімдеген.

«Вагнер» жалдамалылары бір тәулікте Дондағы Ростов пен Воронеж қалаларына бақылауға алып, әрі қарай Мәскеуге шыққан. 24 маусымда «Вагнер» Мәскеуге шамамен 200 шақырым қалғанда Пригожинмен Александр Лукашенко сөйлесіп, «Вагнер» жасағы тоқтаған болатын.

Байланысты жаналықтар

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025
MalimBlocks
Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы