Қарин өзі жазған ережесін өзі оқымай ма?

Malim Админ

  • 03.03.2020

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында бір қатар өзгерістер болды. Бұл туралы президент Тоқаев Twitter-де жазса, көп өтпей оның кеңесшісі Ерлан ҚАРИН Facebook парақшасында түсініктеме берді.

Оның айтуынша бұл о баста солай ойластырылған. Ротация болып тұруға тиіс.

«Оның (ҰҚСК-ред.) құрамы азаматтық қоғам белсенділері мен сарапшылардың ел басшысына ойы мен  ұсыныстарын тікелей жеткізе алуы үшін икемді болу керек», деген Қарин кеңестің жаңа мүшелерін атай келіп, кеңес құрамынан шыққан білсенділерге рахмет айтты.

Ұлттық кеңес құрамынан шыққандардың бірі Аружан САИН бұл жағдайды өз уақытының тығыздығымен байланыстырады.

«ҰҚСК-ден шығуымның себебі, жұмысымның көптігінен оның отырыстарына қатысуға физикалық тұрғыда үлгермеймін. Қазақстанда балалар құқықтары бойынша уәкілетті өкілдің жұмысы көп уақыт пен күшті талап етеді. ...Бұл оңай шаруа емес. ...Егер бізге ҰҚСК-нің қолдауы керек болып жатса, олар міндетті түрде қолдайтынына сенімдімін», деді Саин.

Бір қызығы, басқа-басқа Аружан Саинның кеңестен шығарылуы Ұлттық кеңес жұмысын ары қарай толыққанды жалғастыра ала ма деген күмән тудырады. Өйткені, ҰҚСК-нің ережесінің 8 бөлімінде:

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді», деп жазылған.

Балалар омбудсмені Аружан Саинның ұлттық кеңес құрамына дәл осы «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі» (2019) ретінде кіргені мәлім. Өз ережесін өзі орындамайтын Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин өзі жазған ережені өзі оқымай ма, әлде, кеңес құрамының «гибкий» болатыны секілді, оның ережесі де «гибкий» ме?

Айта кетерлігі, бұл құрылғанына жыл толмаған Ұлттық кеңес құрамындағы алғашқы өзгеріс емес. Бұған дейін баспагер Бақытжан БҰҚАРБАЙ "халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді" деп мәлімдеп, ұлттық кеңестен шыққан. Ол кезде Қарин «кеңестен бір адамның шығуы сенсация емес» деген болатын.

Соңғы ротацияға байланысты кеңес құрамынан Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылып, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, "Талбесік" қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахметова, "Ізгілік елшісі" еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова жаңадан кеңес мүшелігіне қабылданды.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімге қатысты жиын өткізді

10.12.2024

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталды

04.10.2024

Биылғы «Болашақ» стипендиясын кім алғаны белгілі болды

03.09.2024

«Шенеуніктерге тыйым салынады»: Ерлан Қарин жаңа заң туралы пікір білдірді

08.07.2024

Ұлттық құрылтай: Ерлан Қарин Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданғанын айтты

03.04.2024
MalimBlocks
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімге қатысты жиын өткізді

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Telegram парақшасында жазды

Биылғы «Болашақ» стипендиясын кім алғаны белгілі болды

«Шенеуніктерге тыйым салынады»: Ерлан Қарин жаңа заң туралы пікір білдірді

Мемлекеттік кеңесші сөз соңында заңда лудомонияға шалдыққандарды сауықтыру мәселесі қарастырылғанын айтты.

Ұлттық құрылтай: Ерлан Қарин Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданғанын айтты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.