Қазақстан нотасына Кремль жауап бермейді

Елнұр Бақытқызы

  • 23.12.2020

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты Евгений Федоровтың даулы мәлімдемелерін "қысыр сиырдың сандырағы" деп атады.

Мәжіліс отырысына қатысқан сыртқы істер министріне депутат Омархан Өксікбаев сұрақ қойды. "Ресейдегі әріптестер егемендігімізге, шекарамызға, жерімізге көз салатын сөздер айтты. Сыртқы істер министрлігі нотасын да жіберді. Сол нотаға жауап келді ме? Федор дегеннің ұрпағы еліміздің егемендігіне қауіп төндіретін сөздер айтты. Соған сыртқы істер министрілігі қандай қадам жасамақшы?" деген сұраққа Мұхтар Тілеуберді былай деді:

– Никонов мырзаның сөзінен кейін Ресей елшілігінің уақытша өкілін шақырған болатынбыз. Өйткені ол уақытта елшілері Мәскеуге іссапарға кеткен болатын. Сондықтан менің орынбасарым қабылдаған болатын. Сол кезде біз сыртқы істер министрлігінің ресми ұстанымын нотамен берген болатынбыз. Енді тәжірибеге сәйкес, нотаға ресми түрде жауап бермейді. Бірақ қабылданған іс-шаралар туралы хабарлаған болатын. Олар парламентке, президент әкімшілігіне хабарласып, мұндай сөздерді жариялауға болмайды деп сын айтты.

Ал мына Федоровтың сөздерінде, кеше де тағы қайталап жатыр... Расында да, ең бірінші өзім қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде мұндай сөздерге намысым келеді. Ал енді жоғары білім алғаннан кейін, Отан тарихын білгеннен кейін мұндай сөздерге орыстың "бред сивой кобылы" деген сөздерімен жауап айтар едім. Мұндай мәселе көтерілгенде, ең біріншіден,  тарихшыларға, ғалымдарға сүйену керек. Ал сыртқы істер министрі ретінде айтарым, бұл Ресейдің ресми ұстанымына сәйкес келмейді. Өздеріңіз білесіздер, біздің шекарамыз заң түрінде, құқық ретінде делимитациядан өткен. Екіжақты келісімге қол қойылған. Қазіргі таңда шекараны демаркациядан өткізудеміз. Бірақ пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Келесі үш жылда демаркацияны бітіреміз. Оның үстіне екі мемлекеттің арасында стратегиялық әріптестік қалыптасып кеткен. Ол барлық құжаттарда белгіленген. Сондықтан біз Ресеймен халықаралық құқық деңгейінде қарым-қатынасымызды дамыта береміз".

Оқи отырыңыз: Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

 

Байланысты жаналықтар

Мұхтар Тайжан: Алауыздық тудырған телеарна жабылсын

24.12.2020

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

23.12.2020

Тоқаев: Федоров пен Никоновқа жауап

05.01.2021

Досым Сәтпаев: Никонов пен Федоров Путиннің ойын жеткізіп тұр

15.12.2020

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

29.12.2020

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

24.12.2020
MalimBlocks
Мұхтар Тайжан: Алауыздық тудырған телеарна жабылсын

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

Тоқаев: Федоров пен Никоновқа жауап

Досым Сәтпаев: Никонов пен Федоров Путиннің ойын жеткізіп тұр

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды