Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілді

Ұлттық экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны баяулады және бүгінде 5%-дан аз

Malim Админ

  • 07.08.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бес жылдық ұлттық даму жоспарын бекітті. 

Құжатта 2023 жылы Мемлекет басшысы Жолдауында орнықты, сапалы және инклюзивті өсу траекториясына шығу мақсатында экономикалық дамудың жаңа парадигмасын іске асыру қажеттігін белгілеп бергені айтылған.

«Орташа табыс тұзағынан» құтылу және Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына орнығуы үшін берік институционалдық және әлеуметтік- экономикалық негіздерді қалыптастыру – орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары. Жаһандық экономикалық, климаттық және технологиялық мегатрендтердің артып келе жатқан қысымы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада жинақталған теңгерімсіздіктердің қауіпті деңгейі жағдайларында қойылған міндетке қол жеткізу міндеттерге басымдық беруді және елді дамытудың жаңартылған орта мерзімді жоспарын қалыптастыруды талап етеді», - делінген құжат мәтінінде.

Протекционизм мен шектеу шараларының күшеюі аясында қатар басталған жаһандық тізбектер мен сауда-экономикалық байланыстарды қайта құру үрдісі әлемдік экономиканың өсу әлеуетінің төмендеуіне, жоғары инфляцияның ұзақ цикліне және инвестициялар үшін жоғары бәсекелестіктің болуына әкелді. Мұндай жағдайларда Қазақстан экономикасының экспорттық-шикізат моделі бюджет кірістерін қалыптастыру және оны әртараптандыруға инвестиция салу мүмкіндігі тұрғысынан шектеледі.

«2014 жылдан бастап ұлттық экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны баяулады және бүгінде 5%-дан аз. Аса жеткіліксіз инвестициялау, инновацияның және экономика өнімділігінің төмен деңгейлері аясында бұл жойылып бара жатқан негізгі қорларды дамыту әрі орнын толтыру үшін жеткіліксіз. Бұл ретте, 2022 жылы ЖІӨ-нің 15%-дан астамы және Қазақстан экспортының 70%-ы минералдық шикізатпен байланысты салаларға тиесілі болды», - деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде қомақты қаражат жұмсау арқылы экономиканы дамытуға арналған бюджет үлесі төмендеді. Бұл ретте, халықтың кірістер құрылымындағы мемлекеттік қолдаудың үлесі 2010 жылғы 14%-дан 2022 жылы 23%-ға дейін өсті.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.