Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі нәтижелі 

Malim Админ

  • 22.06.2023

Түркістан шаһарының төрінде өткен  Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қуғын-сүргін жылдары шейіт болған құрбандарды толық ақтау жөнінде тағы да тоқталды. Бұл мәселе бойынша  мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатқанын баса айтты. Иә, репрессия боздақтарын тарихта жаңғыртуға байланысты мұрағаттардан біршама  материалдар  зерттеліп жатыр. Бұған дейін елге беймәлім болып келген тың мәліметтер жарық  көруде. Президент Құрылтай кезінде жақында құжаттардың арасынан Жүсіпбек Аймауытұлының авторлығымен өзгеше  шығарма табылғанын сүйіншілей жеткізді. Ақжолтай хабарды екі дерек көзі растап отырғанын да айтып өтті. Әдеби туынды төте жазумен хатқа түскен. Айтуынша, жыр жолдарымен жазылған шығарманы сол уақытта  тәркіленген Алаш ардақтылары еңбектерінің бір парасы деуге толықтай негіз бар. Оларда ұлттың рухы мен жаны еш уақытта өлмейтіні жыр арқауына айналған. Бізге жеткен деректерге зер салсақ, Қазақстанның өзінен 103 мыңның шамасында адам қуғын-сүргін азабын тартқан.

Тағы бір атап айтар басты жаңалықтың бірі – биылғы 1 шілдеден бастап саяси зобалаң құрбандары, қуғыннан зардап шеккен, зейнеткер немесе мүгедек азаматтар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны молырақ көлемде алмақ.  Әлеуметтік кодекс аясында жәрдемақыны көбейтілген жаңа 1,23 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  алады.     2003 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарына және репрессиядан зардап шеккен адамдарға біржолғы қаржылай өтемақы төленіп келген-ді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманованың мәліметінше, 2003-2022 жылдар арасында мемлекет қазынасынан  2,9 млрд теңге бір реттік ақшалай өтемақы берілді. Оның мөлшері 2 588 теңге мен   345 000 теңге болды. Осы жылға республикалық бюджетте айтылмыш мақсаттарға 768 мың теңге қаражат қарастырылған.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек жыл сайын беріледі.

Сондай-ақ, биыл «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңның қолданысқа енгеніне  отыз жыл толып отыр. Екі жыл бұрын  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы комиссия құрылған болатын. 

 

Осы мәселе  бойынша құрылған өңірлік комиссияның мүшесі Мейіржан Мұсабаевтың пікіріне сенсек,  комиссияның жұмыс тобында  таңдаулы бағыты бойынша архивтен дерек жиып, яғни ақталмағандардың тізімін түзіп, оны мемлекеттік комиссия қарауына ұсынылады. 

Саяси дүрбелең  құрбандарын ақтау жұмысы бастау алғалы бері  Президент архивіне екі жүз мыңнан астам құжат табысталған. Жыл соңына дейін 700 мыңға тарта құжат жинау көзделіп отыр. Осы іске байланысты  құжат архивтерде құпия түрде  сақталады. Қазір оларды барынша қолжетімді етудің жолдары  қарастырылуда.

 

ҚР Президенті архивінің   қызметкері Қайрат Әлімғазиновтың айтуынша, жұмыстарды  Президент архиві жүзеге асырып келе жатыр. 2024 жылға дейін саяси зобалаңға қатысты тарихшылардың, зерттеушілердің, мемлекеттік комиссия мүшелерінің қызығушылық білдіретін құжатының барлығы ғылыми айналымға түспек.  Ол құжаттар  ұлттық архив қорына тиесілі болады.    

Саяси дүрбелең бойынша Материалдарды зерделеу орталығына 260 мың құжат табыс етілген. Құжаттар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде бұған дейін аса құпия сақтаулы тұрған.  Арасында ату жазасына бұйыру,  тергеу мәліметтері жайында бұйрықтан бастап, Алаш қайраткерлерінің құжаттары, атап айтқанда Мағжан Жұмабаевтың төлқұжаты, Ахмет Байтұрсыновтың абақтыда жазған хаты тіпті саусақ іздеріне дейін қабылданды. Қазір архив қызметкерлері осы сынды тарихи құжаттарды реставрациялаумен айналысып жатыр. Өйткені, бірқатар қағаздар жыртылып, жазуы өшкіндеген. Одан кейін материалдар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен айналысатын Республикалық комиссиясының қарауына жіберіледі.

Шын мәнісінде Алаш рухы Қазақ елімен қанаттасып  бірге жасай береді. Бұл өз кезегінде ұлттың сапасын арттырып,  әлемдегі рөліміз бен орнымызды анықтауға жол ашады. 

Байланысты жаналықтар

«Не тамағың бар?!» деп маған жармаса бастады»: Аштық туралы әңгіме

31.05.2024

Президент саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға шақырды

31.05.2024

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2024

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

23.11.2023

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

31.05.2023

Дүмше, дінбұзaрлaрмен aйқaсқaн қaйрaткер  

30.11.2022
MalimBlocks
«Не тамағың бар?!» деп маған жармаса бастады»: Аштық туралы әңгіме

1931-32 жылдардағы аштықтың тигiзген зардабы жетерлiк…

Президент саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға шақырды

Өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек.

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты.

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

5 миллион қазақтың мүддесін, 250 миллион советтіктердің мүддесінен  жоғары қойған

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

Билік 4 миллионнан астам құрбан мен 25 мың атылған боздақтарды мансұқ етті

Дүмше, дінбұзaрлaрмен aйқaсқaн қaйрaткер  

Имaм, қaжылaрдың медреселермен ісі  болмaй, құлқындaрының қaмын ойлaуы, көп  әйел aлғаны сынғa  aлынaды