Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты.

Malim Админ

  • 31.05.2024

Бүгін бүкіл Қазақстан жұрты жазықсыз жала жабылған саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылықтан қаза тапқан жандарды еске алып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан 31 мамырды саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бастап атап өтеді. Себебі Қазақстанның президенті жарлығымен 1997 жыл – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі де осы – «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң еді. Аталған заң 1993 жылы 14 сәуірде қабылданды.

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты. Оның ішінде 1931-1933 жылдар аралығында 1,7 миллионға жуық адам қаза тапты. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары – 100 мыңнан астам қазақстандық болды.

1933 жылға қарай 40 миллион мал басының оннан бір бөлігі қалды. Мұндай іс-әрекеттерден бірінші кезекте қазақтар зардап шекті, себебі мал олардың негізгі  азықтанудың жалғыз көзі болған. Тәркілеуге 4,5 миллионға жуық мал басы (ірі қара малға қайта есептегенде) алынған 11 260 шаруашылық кірді.

Салдарынан 1931-1933 жылдары 1 млн адамнан (Роберт Конквесттің бағалауы бойынша) 1,75 млн адамға дейін (Абылхожин, Козыбаев және Татимовтың бағалауы бойынша) қайтыс болады. 1 миллионға жуық қазақтарды Ресей Федерациясының шекаралас Қазақ АКСР өңірлеріне, соның ішінде Қырғыз АКСР, Қарақалпақ АКСР, Саратов, Сталинград және Орта Еділ өлкелеріне, Орынбор, Челябинск, Омбы облыстарына, сонымен қатар Батыс Сібір өлкесіне көшіруге мәжбүр болды.

Әсіресе, бұл заңсыз жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халық пен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған.

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. Атап айтқанда, «Халық жауы» әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР), Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), Дальний, Степной, Песчаный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған лагері, Петропавл лагері, Кингир және Өскемен лагері және тағы басқалары болды. Сонымен қатар НКВД репрессияға ұшырағандардың отбасы мүшелерін де соттады.

Арада біраз жыл өтіп, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен КАРЛАГ пен АЛЖИР тоталитаризмнің адамгершілікке жатпайтын сипатын айғақтайтын тарихи мемориалдық кешендерге айналды.

Сонымен қатар 2016 жылы Алматыдағы Қарағайлы саябағына 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш-мемориал орнатылған. Эскиз жобасының авторлары: Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш «Ана» деп аталады.

Ескерткіш аштықтан қажыған баланы кеудесіне қысып алған ана бейнесінде жасалған.

Дегенмен еліміздегі бірқатар тарихшылар саяси қуғын-cүргін құрбандарын және сол жылдардағы оқиғаларды әлі де зерттеу керек деп есептейді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді репрессия та­рихы өте ауқымды тақырып екенін айтып жүр. Оның түрлі ба­ғытта­ры, салалары бар.

Оның айтуынша, біз саяси қуғын-cүргін құрбандарын салаға бөліп, зерт­те­уіміз керек.

Мысалы, репрессияның ашыл­май жүрген бір бағыты – биліктің ға­лымдарды қудалауы. Бұл ретте ауызға ал­дымен ХХ ғасырдағы ұлттық ғылым бағыт­тарының негізін қалаушы Алаш зиялылары оралады. Кеңестік билік оларға байланыс­ты репрессия жүргізген уақытында зиялылар­ды ғалым ретінде емес, саяси көзқарастары үшін қудалады. 30-жылдары жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының қызметі мен міндеті принциптік өзгерістерге ұшырады. Қазақ қоғамының қандай бағытта дамуы мен мазмұнын анықтау кеңестік биліктің қолы­­на көшті. Қазақ зиялылары ХХ ғасырдың ба­сында осы міндеттерді өздері атқаруға тырыс­ты, бі­рақ бұл міндеттен олар біржола ығыс­ты­рыл­ды. Реформалау және оның маз­мұнын бел­гілеуде билікке тартылған қазақ аза­мат­тарына тек орындаушылық міндет жүк­телді. Осыны түсінген Алаш зиялылары ендігі жер­де тек ағартушылықпен айналысу­ға, ғылым­ға ден қоюға мәжбүр болып, өзде­рін осы са­лада танытуға тырысты. Өйткені олар­ға мем­ле­кеттік басқару ісінде өз қабілеттерін та­нытуға біржола шек қойылды. Патшалық билік се­кілді кеңестік билікте де зиялылардың көз­қарастарын сепаратистік деп бағалады, – деп түсіндірді Мәмбет Қойгелді Abai.kz сайтына берген сұхбатында.

2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылған еді. Мемлекеттік комиссия мұрағаттық зерттеулер жүргізетіні хабарланған еді.

Айта кетейік, Қолданыстағы заңнамаға сай саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді.

Фото: novoetv.kz

Байланысты жаналықтар

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

22.11.2024

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024
MalimBlocks
Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған