freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Сатыбалдыұлының 61 миллирад теңгелік бизнес-орталығы сатылмай жатыр

Қоғам
Қайрат Сатыбалдыұлының 61 миллирад теңгелік бизнес-орталығы сатылмай жатыр
e-qazyna.kz сайтынан

Алматыда бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы электрондық саудаға шығарылды. Алайда сатып алушылар табылмады. Бұған нысанның өзіндік құнынан қымбат бағаға ұсынылуы себеп болуы мүмкін. Сатылымға нақты не шығарылғаны және сарапшылардың нысанды қалай бағалағаны туралы Tengrinews.kz жазды. 

7 сәуірде Kaisar Plaza бизнес-орталығы аукционға 61,5 миллиард теңгеге шығарылды. Сауда-саттықты бағаны көтеру әдісімен өткізу жоспарланған болатын. Сату туралы хабарландыру 2 миллионға жуық қаралым жинағанымен, қызығушылыққа қарамастан, бірде-бір сатып алушы табылмады.

"Электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында сату нысаны бойынша тіркелген қатысушылар болған жоқ", - делінген e-qazyna.kz сайтында. 

Бизнес-орталық қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның иелігінде болды. 

Kaisar Plaza - бұл ауданы шамамен 64 мың шаршы метр болатын 9 қабатты тұрғын емес ғимарат. Ол Желтоқсан көшесі, 115 мекенжайында орналасқан. 

Ғимарат 2030 жылдың тамызына дейін жалға алынған, ауданы 0,72 гектарға жуық жер телімінде тұр.

Нысан сенімгерлік басқаруда, ғимарат ішінде келісімшарт мерзімдері әртүрлі 53 жалға алушы жұмыс істейді.

Бұл ретте құжаттардағы ғимарат ауданы бойынша айырмашылықтар бар: бірінде шамамен 63,9 мың шаршы метр делінсе, екіншісінде - шамамен 56,5 мың. Бұл ауданның бір бөлігі (мысалы, панорамалық қабат) іс жүзінде шатыр болып саналатындықтан, жалпы ауданға есептелмеген. 

Еске сала кетейік, сауда-саттықта бизнес-орталықтың бастапқы бағасы 61,5 миллиард теңге болды. Алайда бағалаушылардың құжаттарында басқа цифрлар көрсетілген.

Белгілі болғандай, нысанның ғимараты мен жер телімі бөлек бағаланған. Осылайша, есепке сәйкес ғимараттың нарықтық құны 44,5 миллиард теңге болады. 

Осыдан он жыл бұрын Желтоқсан, 115 мекенжайындағы құрылыс төңірегінде үлкен дау туындаған болатын. Сол кезде ол жерде Kaisar Plaza бизнес-орталығы бой көтере бастаған еді.

Бұрын бұл жерде ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің ғимараты - 1954 жылғы архитектуралық ескерткіш орналасқан. Алматылықтар оны қала тарихының бір бөлігі деп санады. 

Еске салайық, Қ.Сатыбалды 2022 жылы ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден аса шығын келтіріп, "Көлік сервисі орталығының" мүлкін талан-таражға салуға қатысы болған.

2023 жылы тергеу басқа эпизодтар бойынша жалғасты. Қаңтарда Сатыбалдыұлы ақшаны жылыстату ісі бойынша кінәсін мойындады. Осы оқиғалар аясында 2024 жылы Kaisar Plaza бизнес-орталығы оның мемлекетке қайтарған активтерінің тізіміне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу