freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ыстамбұлда Қазақстан азаматын атып кетті: СІМ мәлімдеме жасады

Қоғам
Ыстамбұлда Қазақстан азаматын атып кетті: СІМ мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Ыстамбұлда 31 наурыз күні жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы атып өлтірілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға шамамен сағат 16:30-да Фатих ауданындағы Балабанага ықшамауданында, Зейнеп Камиль көшесінде болғаны хабарланды.

Полиция мәліметінше, белгісіз адам Ариф И.-ге жақындап, оның басынан оқ атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен азамат ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған: кадрларда күдіктінің курьерге жақындап, оқ жаудырып, кейін кетіп бара жатқаны көрінеді.

1 сәуір күні тергеу аясында екі күдікті ұсталды. Олар Түркиядан кетпек болған кезде Эдирне провинциясында, шекара маңында қолға түскен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екеуі де Грузия азаматтары. Іздеу жұмыстарына жандармерия қатысып, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған.

Медициналық тексерістен кейін ұсталғандар Стамбул полициясына тапсырылды. Күдіктілер мінген көліктің жүргізушісіне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және адам саудасына байланысты айыптар бойынша бөлек тергеу басталды. Қылмыстың себептері әзірге хабарланған жоқ.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл оқиға туралы хабардар екенін растады.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурыз күні Фатих ауданында Қазақстан азаматының қатысуымен болған оқиға туралы біледі. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетуде», – деп мәлімдеді ведомство.

Министрлік бұл мәселе өз бақылауында екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу