freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғандық екі жігіт таныстарын жылдар бойы микронесие алуға мәжбүрлеген

Құқық
Талдықорғандық екі жігіт таныстарын жылдар бойы микронесие алуға мәжбүрлеген

Талдықорғанда полицейлер бопсалаушылар тобын қолға түсірді. Қаланың 19 жастағы екі тұрғыны таныстарын күш қолданамыз деп қорқытып, өз атына микронесиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Жетісу облысының Полиция департаменті хабарламасында қылмыстық жоспар 2024 жылдың күзінен бері жұмыс істегені анықталды. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алынған қаражатты күдіктілерге берген.

Тергеу мәліметінше, 6 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын 2 миллион теңгеден асты.

«Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары ескертеді: кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрақты бақылауда», – делінген ПД хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу