freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашып, жол апатына ұшырады

Құқық
Есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашып, жол апатына ұшырады
ІІМ

Астанада есірткі қылмысына қатысы бар күдікті полициядан қашпақ болды. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Chery көлігін тоқтатпақ болған. Алайда 25 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тоқтамай, жасырынуға әрекет жасаған.

Қуғын барысында ол тұрғын үйдің ауласына кіріп, тұрақта тұрған екі көлікпен соқтығысқан. Одан кейін ер адам көлікті тастап, жаяу қашпақ болған, алайда полиция қызметкерлері оны ұстады.

"Көлікті тексеру барысында артқы орындығынан жасыл түсті оқшаулағыш таспамен оралған, ұнтақ тәрізді зат салынған орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес оның шамамен 500 грамм болатын Альфа-PVP есірткісі екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу