freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Маған бірнеше рет ескертті": Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы ел естімеген шындықты жайып салды

Қоғам
"Маған бірнеше рет ескертті": Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы ел естімеген шындықты жайып салды
Ашық дереккөзден. Суретте: Нұрай Серікбай мен Сұлтан Серікбай

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде жан тебірентер жазба жариялап, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол өз жазбасында істің ашық талқылануына кедергі келтіргісі келетін тараптардың бар екенін атап өтіп, соған қарамастан шындық үшін күресті тоқтатпайтынын жеткізді.

"Тәуекел! Мен өз әрекетімнің маған қосымша қауіп төндіретінін түсінемін. Бұл туралы маған бірнеше рет ескертті, өйткені құқық қорғау органдары да, қорғау тарапы да бұл істің жария болғанын қаламайды. Бірақ менің бір айтарым – біз өзімізге қымбат жаннан айрылдық. Ендігі мақсатымыз – әділдік. "Нұрай ісі" халықтың ісіне айналды, шындық үшін соңына дейін барамыз. Сіздерден бұл іске бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Бізді қолдаңыздар. Бірге біз күштіміз", – деп жазды Сұлтан Серікбай.

Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні кешке Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті екі күннен кейін ұсталған.

Сонымен қатар бұл іс бойынша жаңа деректер де белгілі болған еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, күдікті сот-психиатриялық сараптамадан өткеннен кейін психикалық ауытқулары анықталып, арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Ресми мәліметке сәйкес, емдеу аяқталған соң күдікті қайтадан тергеу изоляторына жеткізіліп, іс бойынша тергеу жалғасады.

Құқық қорғау органдары жәбірленуші тараппен тұрақты байланыс орнатып, қабылданған процессуалдық шешімдер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сұлтан Серікбайдың айтуынша, қазіргі уақытта күдікті Талғар қаласындағы мамандандырылған мекемеде болуы мүмкін.

Марқұмның жақындары айыпталушы психикалық жағдайын алға тартып, жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп алаңдаулы. Олар әлеуметтік желі арқылы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғаның тиісті жазасын алуын талап етіп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу