freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайраттың көлігі мемлекет иелігіне өтті

Құқық
Перизат Қайраттың көлігі мемлекет иелігіне өтті
Orda.kz

Электронды сауда порталында өткен аукцион нәтижесінде бұрын Перизат Кайратқа тиесілі 2024 жылғы Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік мекемелердің балансына өтті, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі 777 KPK 01. Құжатта аккумуляторы істен шыққандықтан, техникалық жағдайы толық тексерілмегені жазылған. Автокөлік Pandora сигнализациясы бар кілтімен бірге беріледі. Іші ақ түсті былғары салонмен жабдықталған көліктің бастапқы бағасы 79,4 миллион теңге шамасында белгіленген.

Еске сала кетейік,  былтыр 25 шілдеде «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. Олар халыққа деп жиналған жылуды қалтаға басқаны үшін айыпталды. Жалпы істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу