freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Саясат
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу