Синдзо Абэ қайтыс болды
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне бүгін қастандық жасалғаны хабарланған

Жапонияның бұрынғы преьер-министрі, әлемге танымал саясаткер Синдзо Абэ қайтыс болды. Бүгін ғана оған қастандық дасалғаны хабарланған.
Саясаткерді Нара қаласында Либералды-демократиялық партиясын қолдау үшін барған сайлауалды іс-шарада атып кеткен. Абэ бұл партияның көшбасшысы болған.
Жапония және әлемдік, отандық БАҚ-тарда оны екі рет атқаны жазылған. Куәгерлер оған оқ тиген сәтте-ақ оның есін жоғалтқаны, тіршілік белгісі білінегенін де айтқан. Оны ауруханаға апарған сәттен бастап Жапония ақпарат құралдары оның қайтыс болғанын жаза бастаған.
Қастандық жасады деген күдікті ұсталды. 41 жастағы Тэцуя Ямагами нара қаласының тұрғыны, 2000 жылдары үш жыл теңіз күштерінде қызмет еткен. Ол қолдан жасалған қару пайдаланған.
NНК сайтының жазуынша, күдікті Абэні өзінің жеккөрініші үшін өлтірмек болған. Бірақ, Нара қаласының полициясы бұл қастандықтың саяси көзқарасқа қатысы жоқ екенін хабарлады.
Синдзо Абэ Жапонияны ең ұзақ басқарған премьер-министр. Халықаралық және отандық сарапшылар оның Жапония экономикасын көтерудегі, әскери реформа жасаудағы еңбегін жоғары бағалайды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента
Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.