Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз
Германия Украинаға «Леопард» танкілері мен IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін және соғыс дрондарын береді
Фото: ВВС
Германия канцлері Олаф Шольц Киевке сапармен келді. Шольц 2022 жылдың маусымынан кейін алғаш рет Украинаға келіп тұр, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Германия канцлері Олаф Шольц Киевке келгеннен кейін: «Президент Зеленскиймен кездесу барысында мен 650 миллион еуро көлеміндегі қару-жарақ беретінімізді хабарлаймын, ол желтоқсанның соңына дейін жеткізілуі тиіс», – деді.
Желтоқсан айында Германия Украинаға «Леопард» танкілері мен IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін және соғыс дрондарын береді. Бұл туралы Шольцтың Киевке сапары кезінде айтылды.
Киевте Шольц Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен бірге Тәуелсіздік алаңындағы украиналық және шетелдік жауынгерлерге арналған мемориалға барып, гүл шоғын қойды, сондай-ақ жараланған сарбаздар бар госпитальға барды.