Ресей Киевті зымыранмен атқылады

Malim Админ

  • 20.12.2024

Фото интернеттен алынды

Ресей армиясы Киевті баллистикалық зымырандармен атқылағаны туралы украиналық әскери күштер мен мониторингтік арналар хабарлап отыр. Бұл туралы жергілікті Телеграмм арналар жазды.

Жергілікті дереккөздер астанада бірнеше жарылыстың болғанын мәлімдеді.

Зымырандардың нақты саны туралы ақпарат әлі жоқ.

Киев әкімдігі қаладағы Голосеевский ауданында атып түсірілген зымыран сынықтары көліктерді өртегенін хабарлады.

Зымыран соққысының басқа салдары туралы әзірге айтылған жоқ.

Сондай-ақ, Украина құтқару қызметі Ресейдің дрондармен жасаған түнгі шабуыл кезінде Киев маңындағы Борисполь ауданында қоймадан үлкен өрт шыққанын хабарлады; құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндірілген.

Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі мәліметі бойынша өрттің аумағы 15 мың шаршы метрді құраған, оны сөндіруге 72 өрт сөндіруші мен 24 техника, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Байланысты жаналықтар

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

29.12.2024

Ресей 2014 жылы Малайзия ұшағын атып түсірген болатын

27.12.2024

Euronews.com: Ұшақ экипаждары – нағыз батырлар

27.12.2024

Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

12.12.2024

Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

02.12.2024
MalimBlocks
Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

Соңғы бір аптада елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды?

Ресей 2014 жылы Малайзия ұшағын атып түсірген болатын

Euronews.com: Ұшақ экипаждары – нағыз батырлар

Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

«Біз «Орешник» кешені майдандағы жағдайды өзгертетін фактор деп санамаймыз. Бұл, ең алдымен, Ресейдің Украинаны қорқытуға бағытталған тағы бір әрекеті, бірақ бұл әрекет сәтсіз болары сөзсіз»,

Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

Германия Украинаға «Леопард» танкілері мен IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін және соғыс дрондарын береді