Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады
Соңғы бір аптада елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды?
Фото: Аргумент
1. Жаңа заң есірткі бизнесін шектей ала ма?
19 желтоқсан күні Сенат депутаттары заңсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын айналымнан шығару мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді пленарлық отырыста мақұлдады.
2. Ауыр халде жатқан Ербаян елге қашан оралады?
Ербаян бүгінде Түркияда ем қабылдап жатыр. Ал оның отбасының елге оралу жоспары кейінге шегерілген.
3. Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр
Қараша айында Ресей әр күні шамамен орта есеппен 2030 адамынан айырылған
4. Симонян тағы Қазақстанға әскер кіргізу туралы айтты
5. Ақтауда ұшақ апаты болды. 38 адам қаза тапты
Ақтау әуежайы маңына қонған Әзірбайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ол Грозный әуежайына қона алмай Ақтауға келген...
6. Ұшақ апатының алғашқы себебі айтылды
Алдымен ұшақ апатына құстар кінәлі болған, кейін басқаша айтыла бастады...
7. Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Әлемдік БАҚ ұшақ апатына Ресей кінәлі екенін айта бастады
8. Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
11 желтоқсан күні Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған еді.
9. Соңғы 15 жылда елімізде болған ұшақ апаттары
Баспасөз деректеріне қарағанда елімізде жалпы 90 әуе апаты болған. Ресми деректерге қарағнада бұл Ресейден 16 есе аз, ал Қырғызстаннан 4 есе көп.
10. Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы жарияланды
Айдана - Бакуден Грозныйға ұшып, Ақтауға үш шақырым жерде құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болғандардың бірі. Стюардессадан бөлек тағы бір экипаж мүшесі аман қалды.
11. Ұшақ апатынан қайтыс болған стюардесса кім?
Ұшақ апатынан қайтыс болған стюардессаның жолаушыларды тыныштандырған аудиосы елге тарады. Оның әкесі сұхбат беріп, қызының арманын айтты. Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде 33 жастағы әзербайжандық Хокума Әлиева да қаза болды. Ол 2016 жылдан бері әуекомпанияда қызмет еткен. Ұшақ құлап бара жатқанда жолаушыларды сабырға шақырып, үйрейленбеулерін, бәрінің жақсы болатынын айтумен болған. Бұл туралы Әзірбайжан ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.
12. Әзірбайжан сапаршысы: Ресей әзірбайжан халқынан рессми түрде кешірім сұрау керек
Әзірбайжанның саяси сарапшысы ұшақ апатына байланыситы www.malim.kz сайтына сұхбат берді
13. Ұшақ атып түсірілді деуге екі нәрсе дәлел бола алады
АҚШ сарапшысы www.malim.kz сайтына пікір білдірді.
14. Ресей президенті Путин Ильхам Әлиевтен кешірім сұрауға мәжбүр болды
Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев арасында болған телефон арқылы әңгіме барысында Путин Әлиевтен кешірім сұраған.