Ақтаудағы ұшақ апатының себебі айтылды

Malim Админ

  • 25.12.2024

Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендер саны 14 адамға жетті, олардың ішінде екі бала бар. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұсынды.

Басқарма өкілдері апат кезінде ұшақ бортында жарылыс болғанын хабарлады.

«2024 жылғы 25 желтоқсанда, шамамен 10:58-де Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында баллон жарылып, 14 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар»,
– деп мәлімдеді басқарма.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының алты бригадасы жіберілді.

«Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек-орын, сондай-ақ 10 реанимациялық орын дайындалды. Балалар ауруханасында 20 төсек-орын мен 10 реанимациялық орын ашылды»,
– деп толықтырды басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта ауруханаға 14 адам жеткізілді, олардың бесеуі ауыр халде, реанимация бөліміне ауыстырылған.

Сонымен қатар, 11 жастағы бала мен 16 жастағы жасөспірім де ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.Құтқарушылар апат орынынан арнайы видео жариялады. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

21.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025
MalimBlocks