Ақтаудағы ұшақ апатында жолаушыларды тыныштандырған стюардесса кім?

Malim Админ

  • 27.12.2024

Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде 33 жастағы әзербайжандық Хокума Әлиева да қаза болды. Ол 2016 жылдан бері әуекомпанияда қызмет еткен. Ұшақ құлап бара жатқанда жолаушыларды сабырға шақырып, үйрейленбеулерін, бәрінің жақсы болатынын айтумен болған. Бұл туралы Әзірбайжан ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.

Әлиеваның отбасы қыздарының көптеген елде болғанын және отбасындағыларға: «Менімен мақтанатын боласыңдар» деп әзілдеп айтатынын жеткізді.

Хокума 6 жасына дейін Ресейде оқыған. Ол заңгер мамандығы бойынша білім алып, кейін бортсерік болуды қалаған.

– Ол өте мейірімді еді. Көп елде болған. Менімен мақтансаңдар болды дейтін. Бір күні сапардан келген бетінде ұшақтары құлай жаздағанын айтқан. ...Бірақ бұл жолы менің қызым оралмады, – дейді марқұмның әкесі.

Әлиеваның ұшақ құлдилағанда жолаушыларды сабырға шақырған дауысы көпті жылатты. Ол бәрін  шуламауға, үрейге берілмеуге үндеген. Әзірбайжан халқы әлеуметтік желілерде батыр қыздарын жоқтап жатыр. 

Байланысты жаналықтар

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025
MalimBlocks