Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews

Арман Қайыпхан

  • 26.12.2024

Euronews Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік «жер-ауа» класты зымыранның атылғанынан болған деп жазады.

Дереккөздер мәліметінше, зымыран Грозный үстінде дрондарға қарсы шаралар кезінде 8432 рейсіне бағытталған, ал зымыран ұшаққа жақын жерде жарылып, оның сынықтары жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген, - делінген хабарламада.

Үкімет өкілдері Euronews-ке берген мәліметте, зардап шеккен ұшақтың пилоттары авариялық қону жасауға рұқсат сұрағанына қарамастан, Ресей әуежайларында қонуға мүмкіндік берілмегенін және ұшаққа Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйрық берілгенін айтқан.

Сондай-ақ ұшақтың GPS жүйелері теңіз үстінде ұшу барысында толықтай өшірілгені айтылады.

Айта кетейік, әзірге тергеу жүргізіп жатқан елдер тарапынан апаттың себебіне қатысты ешқандай ресми мәлімдеме болмады.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

21.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025
MalimBlocks