Путин ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Ресейдің Тергеу комитеті осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаған

Мәди Саматұлы

  • 28.12.2024

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев арасында болған телефон арқылы әңгіме барысында Путин Әлиевтен кешірім сұраған, деп хабарлайды Malim.kz.

Кремль таратқан ақпаратқа қарағанда, телефон арқылы әңгімеде 25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясының жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сұрақтар егжей-тегжейлі талқыланған.

Владимир Путин қайғылы жағдай Ресей аумағында болғандықтан, кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып шын жүректен көңіл айтқан.

Әңгіме барысында апатқа ұшыраған әуе кемесінің Әзірбайжанның кестесіне сай ұшып келе жатып, бірнеше рет Грозный әуежайына қонуға тырысқандығы айтылған. Ол кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық соғыс дрондары шабуыл жасап жатқан және Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі бұл шабуылдарды қайтарғаны аталып өткен.

Бүгінде Ресейдің Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы (әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан сұрақ-жауап алыну үстінде.

Қазір Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда, Ресей Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге көшкен. Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтау қаласы маңындағы апат орнында белсенді түрде жұмыс істеп жатыр.

Фото: telegram/Кремль. Новости

Байланысты жаналықтар

Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

07.02.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

24.01.2025

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

16.01.2025

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

14.01.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: «Қара жәшік» жазбалары алдағы күндері келеді

07.01.2025

Минск: Зеленский өтірік айтады, Лукашенко кешірім сұраған жоқ

06.01.2025
MalimBlocks
Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Есепте авиациялық биліктердің әуе оқиғасын тергеу мәліметтері берілуі тиіс

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

Желіде «қара жәшік жазбаларының» күмәнді мәтіні жарияланған еді

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

Ақтаудағы ұшақ апатына негізінен Ресей аумағындағы шабуыл себеп болғаны айтылған еді

Ақтаудағы ұшақ апаты: «Қара жәшік» жазбалары алдағы күндері келеді

Бұл туралы Көлік министрлігі хабардар етті

Минск: Зеленский өтірік айтады, Лукашенко кешірім сұраған жоқ