Трамп: АҚШ пен Германия үшін – ұлы күн

Malim Админ

  • 24.02.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Германиядағы консерваторлардың жеңісін «Германия мен АҚШ үшін ұлы күн» деп атады. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде:

«Германиядағы консервативті партия өте маңызды сайлауда жеңіске жеткен сияқты. АҚШ сияқты Германия халқы да энергетика мен иммиграция мәселелерінен шаршады, олар жылдар бойы басым болды. Бұл – Германия мен джентльмен Дональд Дж. Трамп басқарып отырған АҚШ үшін ұлы күн. Барлықтарыңызды құттықтаймын – алда көп жеңіс күтіп тұр!», деп жазды.

Жексенбі күні Германияда оппозициялық консерваторлар ұлттық сайлауда жеңіске жетіп, Фридрих Мерц келесі канцлер болатын болды, ал «Германия үшін балама» (AfD) партиясы екінші орынға шығып, тарихтағы ең жақсы нәтижесін көрсетті.

Консервативті ХДС/ХСС блогы 28,5% дауыс жинады, AfD 20% дауыспен екінші орынға шықты, деп хабарлады ZDF телеарнасының экзит-полы.

канцлер Олаф Шольц жетекшілігіндегі Социал-демократтар (СДПГ) жеңіліс тапты, олар үшінші орында – 16,5%.

Иммиграция, үкіметтің жұмысын оңтайландыру және экономиканы қайта құру мәселелері АҚШ, Германия және басқа да Батыс елдеріндегі сайлаушылар үшін ортақ мәселе болып отыр.

Reuters/Ipsos жүргізген сауалнамаға сәйкес, MAGA қозғалысының негізгі сайлаушыларының басым бөлігі заңсыз иммигранттарды депортациялауды көбейтудің өздерінің келесі сайлауындағы маңызды фактор болатынын атап өтті. Бұл мәселе былтырғы президенттік кампанияның басты тақырыбы болды.

Барлық респонденттердің жартысынан көбі – 55%-ы депортацияны арттыруды қолдайтынын, ал 41% қарсы екенін айтты.

Фото: ВВС/GETTY IMAGES

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

14.04.2025

Германияның жаңа үкіметі де босқындар санын азайтпақ

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

Германияның жаңа үкіметі де босқындар санын азайтпақ