"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

Malim Админ

  • 06.04.2021

Атырау облысы полиция департаментінің экс-басшысы, аты шулы генерал-майор Аян Дүйсембаев жаңа қызметке тағайындалды.

«Төтенше жағдай министрілігінің бұйырығы бойынша Дүйсембаев Аян Сәбитұлы Өртке қарсы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз хатшысы Талған Уәли.

Генерал-майор Аян Дүйсембаев 2019 жылдың мамыр айында тойға барып, полиция қызметкерлерінің қошаметімен тұлпар мініп, жұмыс уақытында қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланғаны үшін дауға қалған. Осыдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қызметтік тексеру жүргізуге тапсырма берген. 2019 жылдың 20 мамырында Дүйсембаев «қызметтік этиканы бұзды» деген себеппен қызметінен босатылған.

Аян Дүйсембаев бұған дейін де даулы оқиғаларымен БАҚ назарына іліккен. 2018 жылы БАҚ пен әлеуметтік желіде генерал-майордың Минск казиносында жүрген видеосы тарап, онда оның 3 сағатта 1,2 миллион доллар ұтылғаны жөнінде айтылған. ІІМ аталмыш оқиғаны «Дүйсембаевтың еңбек демалысы кезінде болғанын және оның казиноға досын алып кету үшін барды», - деп түсіндірген.

Аян Дүйсембаев полицияға келмес бұрын бизнеспен айналысқан. Ол туысы әрі серіктесі Абзал Дүйсембаев екеуі 90-шы жылдары Атыраудан Алматыға мұнай өнімдерін әкеліп сатумен айналысқан. Бірақ мемлекеттік қызметке орналасқаннан кейін бизнесін Абзал Дүйсембаевқа сенімді басқаруға берген. Қазір Абзал Дүйсембаевтың атында «Ойл Контракт» және ЖШС «РАНС» компаниялары бар. 2018 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ЖШС «РАНС»-қа тиесілі «Белес» сауда орталығының жұмысын тоқтатуды сұрап сотқа шағымданған. Дәл осы жылдың сәуір айында сауда орталында тексеру жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың өрт қауіпсіздігін сақтамайтындығы анықталған. 2018 жылдың 25 маусымында сот ЖШС «РАНС»-ты әкімшіліктік жауапкершілікке тартқан. Ал қыркүйекте сауда орталығын техникалық талаптарды толығымен орындағанша жұмысын уақытта тоқтатқан.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді