Украинадан Қазақстанға келген жаңа елші туралы не белгілі?

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындады. Бұл лауазымға ұзақ жыл дипломатиялық тәжірибесі бар, тіпті кезінде сыртқы істер министрі болған Виктор Майко келді

Сұлу Бөлек

  • 08.04.2025

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындады. Бұл лауазымға ұзақ жыл дипломатиялық тәжірибесі бар, тіпті кезінде сыртқы істер министрі болған Виктор Майко келді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Білімі

Ulysmedia.kz мәліметінше, Виктор Анатольевич Майко 1960 жылы Украинадағы Днепропетровск қаласында дүниеге келген.

1982 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1999 жылы Украина сыртқы сауда академиясында экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

Журналистік қызметі

Университетті бітірген соң, 1982 жылы Киевтегі Антонов атындағы ұшақ зауытының «Знамя соревнования» газеті редакциясына тілші болып орналасқан. Бұл басылымда екі жыл еңбек етті. Кейін бес жыл әскери қызметте болған. 1989 жылы Украина Сыртқы істер министрлігі жанындағы басшылық кадрларды қайта даярлау институтына ғылыми редактор болып қабылданды.

Дипломатиялық жолы

Майко дипломат ретінде еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Алғашқы бес жылын Ұлыбритания мен Ирландиядағы Украина елшілігі құрамындағы сауда-экономикалық миссияда өткізді. Одан кейін Украина сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрлігінде бір жыл жұмыс істеген.

2000–2005 жылдары «Интербудмонтаж» жабық акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары болды. Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұл компания Түрікменстан астанасы Ашхабадта жер асты коллекторлары мен дренаж жүйелерін салумен айналысады.

2005 жылы Украина елшісі ретінде Түрікменстан мен Ауғанстанға тағайындалды. 2010–2014 жылдары Украина сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды, ал 2014–2020 жылдары министрлікті өзі басқарды.

2020 жылдан бастап қайтадан Түрікменстандағы Украина елшісі болды.

Оның алдындағы елші кім еді

Виктор Майкоға дейін бұл қызметті Петр Врублевский атқарды. Ол 2022 жылы блогер Диас Құзайровқа берген даулы сұхбатынан кейін басы дауға іліккен. Сұхбат барысында ол Украинадағы соғысқа қатысты мынадай мәлімдеме жасаған:

Біз олардың мүмкіндігінше көбін өлтіруге тырысып жатырмыз. Қазір неғұрлым көбірек орысты өлтірсек, болашақта балаларымызға соншалықты аз өлтіруге тура келеді.

Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Врублевскиймен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ол кейін көпшілік алдында кешірім сұрады. Алайда Ресей тарапы оны елден шығарып жіберуді талап етті.

Осы мәлімдемеден кейін Ресейдің тергеу органдары Врублевскийді сырттай алты жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Бірақ бұл шешім кейін жойылды.

Айта кетейік, 2022 жылғы наурызда Врублевский Ulysmedia.kz порталына эксклюзив сұхбат беріп, Ресейдің Украинаға басып кіруіне, Еуропаға қашқан босқындардың жағдайына және қазақстандықтардан келіп жатқан гуманитарлық көмекке қатысты пікір білдірген еді.

Фото: golosukraine.com

Байланысты жаналықтар

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

14.04.2025

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі

11.04.2025

Гарри ханзада Украинаға "құпия" сапармен барды – БАҚ

11.04.2025

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

09.04.2025

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025
MalimBlocks
Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

Ең жасы 18-де

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі

Гарри ханзада Украинаға "құпия" сапармен барды – БАҚ

Ұлыбритания ханзадасы Гарри 10 сәуірде Украинаға барды, алайда бұл туралы еш жерде жарияламады

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

Қытай Украинада Ресей армиясы жағында соғысқан екі қытайлық ұсталғаны туралы ақпаратты украиналық тараппен бірлесіп тексеріп жатқанын мәлімдеді

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді