Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы сәбидің тұсауын кесті

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам "Этноауыл" көрмесін аралады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам "Этноауылда" cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын "Этноауыл" көрмесіне барды.
Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.
Фото: Ақорда