«Жайылымдық жер жоқ»: әкімнің ұлы, фермердің жиені және ауыл жұрты

​​​​​​​Экс-әкім: қазіргі әкім Қанай Сағындықұлы 200 гектар жері бар Әбдірахмановтардың жиені

Malim Админ

  • 22.04.2022

Өткен жылы Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округінің сол кездегі әкімі болған Дауылбай Қапезовтің ұлы Ербол Дауылбайұлына қатысты Жаңажол ауылының жұртшылығы жер мәселесі бойынша хабарласып, өздерінің наразылықтарын білдірген болатын. Олардың уәжі Жаңажол ауылының іргесіне дейінгі мал жаятын жерді экс-әкімнің ұлы жыртып тастағанын айтқан. Бұл мәселе көтерілгелі бірнеше жыл болды. Алайда жергілікті әкімшілік әлі де бұл түйткілді шешпей отырғанын айтады ауыл тұрғындары. Осы мәлеге байланысты Malim.kz сайтының тілшісі жер дауына қатысты адамдармен хабарласып мән-жайды анықтап көрген еді.

Жаңажол тұрғындарының күнкөріс кәсібі – мал шаруашылығы. Алайда сол мал бағып отырған жері жыл сайын та­рылып, жайылымдық жерден тапшылық көрген олар біраз құзырлы орынның есігін қағып, табалдырығын тоз­дырған көрінеді. Әйткенмен, еш­қандай қайыр болмаған соң, олар қоғам белсендісі Алтын Мәденге арыз-шағымын айт­қан. 

«12-сәуір күні Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылындағы қандастарымыздың ұсынысымен Атамекен ауылы әкімі Қанай мырзамен кездестім. Басты мәселе – жер. «Ауылда мүлдем жер жоқ. Бар жердің бәрінің меншік иесі бар, заң бойынша біз оны ала алмаймыз. Ал жер керек деген халық болса, Біржан сал ауылында жер көп сонда барсын дейді әкім», – дейді Алтын Мәден.

Алтын Мәденқызы, ауыл әкімі Қанай Есекей (фото Алтын Мәденқызының парақшасынан))

Алтын Мәден, ауыл әкімі Қанай Есекей. Фото: Алтын Мәденнің парақшасынан алынды.

Жаңажол ауылының тұрғындары Қайрат, Айдын бастаған бір топ аза­мат жер мәселесіне байланысты қоғам белсендісі Алтын Мәденқызына арыздарын айтқан. Олар 2006-2009 жылдар ара­лығында Қытай елінен Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауы­лына 6 отбасы көшіп келген. Ке­зінде Жаңажол ауылында 300-ден ас­там адам тұрса, қазір 70-ке тарта адам қалған. Оның ішінде жер телімі бар тұрғындар жерін жалға беріп, өздері қалаға, басқа жаққа көшкен. Ал жері жоқ отбасылар жан-жағы жыр­тыл­ған тар жерге мал жайып қина­лып отыр.

Қоғам белсендісінің айтуынша, қазіргі әкім Қанай Есекей бұл мәселенің жуырда шешіле қоймайтын және ауыл тұрғындары басқа ауылдарға көшуі керектігін айтқан. Ал біз әкімге сөйлесіп көргенімізде әкім ауылға жол жөндеп, ауыз су мәселесін шешіп жатқанын жеткізді. Сонда ауыл тұрғындарының күн көріп отырған жайлымдық жері жоқ болса, оларды басқа жаққа көшіруге ниетті болса – жоспарланып отырған имфрақұрлым кімдерге керек?

Біздің қойған сауалға әкім: «қай жер мәселесін айтып отырсыз?» дейді. Соған қарғанда ауылдың маңында ушыққан жер мәселесі көп екені байқалады.

«Ең сорақысы сол – өткен 2020 жылы қыркүйек айын­да Атамекен ауылы әкімінің ба­ласы Ербол Дауылбайұлы тұрғын­дар­ға бір ауыз ескертпестен, ауылдың іргесінен шамамен 100-200 метрдей қал­дырып, ауылды айналдыра жыртып, көктемнен бастап егін сала­ты­нын, бұл жер өз қожалығына өткенін айтқан, –  дейді Алтын Мәден.

Ал Жаңажол ауылының тұрғыны Айдын Дәулетбек: «Мұндай жерден тапшылық кө­ріп, қыспақта қалып отырған тек біздің Жаңажол ауылы ғана емес, көр­шілес отырған Атамекен, Жасыл, Қа­ра­жар ауылдарының да пробле­ма­сы осы – жер дауы. Ауылдар бір-бірі­не онсыз д­а тығыз орналасқан. Ара­лары 4-5 шақырым ғана. Ал бұрынғы заң та­ла­бы бойынша егіндік жер мен елді­мекен арасы 3 шақырымдай алыс­та болуы керек еді ғой? Жеке шаруа қожалығы егін шаруа­шылығын жүргізбесін деп отыр­ғамыз жоқ, егінін салсын. Бірақ мал­мен күнін көріп отырған қара­пайым ауыл тұрғыны малын қайда бағады? Ауылдың айналасын қопарып тастайтындай басқа жер құрып қал­ған жоқ шығар? Міне, осы мәселені ай­тып, бармаған жер, баспаған тауы­мыз жоқ. «Nur Otan» партиясы да ештеңе шешіп бере алмады. 120 отбасына жер сұраған едік, соны бермей отыр. Ендігі үмітіміз Президентте, егер мүмкіндік болса сол арызымызды Тоқаевқа жеткізсек дейміз, басқа ешкім шешіп беретін емес», – дейді.

Президент Қасым-Жомарт То­қаев өткен жылғы Жолдауында «Еститін мемлекет құрамыз» деген еді. Алайда ауыл­дық жерде халық сөзін неге ес­титін әкімдер жоқ? Әлде әкімдер Пре­зидентті естігісі келмей ме деген ой туады еріксіз.

Заңгерлердің айтуынша, 2003 жылы қа­былданған Жер кодексі туралы заң­ға одан кейін көптеген «өзгертулер мен толықтырулар» еңгізілді. Сондық­тан ол ауылға жақын маңдағы жерді игеруге алған жеке кәсіпкер заңның қандай бабына сүйеніп алды? Бұрын­ғы заңның баптарына сүйеніп алса, қазір ол заң өзгерген болуы мүмкін дейді.

Атамекен ауылдық округінің экс-әкімі Дауылбай Қапезов ауыл тұрғындарының бұл арыз-шағымын негізсіз санамайтынын айтқан еді. Ал жыртылған жердің жайын сұрап едік, оған ол жер Бурабай ауданының әкім­дігі және конкурстық комис­сия­ның келісімімен, яғни заңды жолмен иге­руге берілген жер екенін алға тартады. Бұл жерлер жеке шаруа қожалығына қан­дай заңға сүйеніп берілгені тура­лы сұрағымызға ауыл әкімі өзінің сөзі дәлелді болуы үшін 2015 жылы 10 жыл жалға берілген жердің құжатын көр­сетті. Онда былай делінген: «А.Қ.Жа­­­­­ке­новке шаруа қожалығын жүр­гізу үшін жер беру туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жыл­ғы 20 маусымдағы №442 Жер кодек­сінің 17, 35, 37, 43, 48, 100-баптарына, «Қа­зақстан Республикасындағы жер­гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына, кон­курс­тық комиссиясының 2015 жылғы 28 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Жакенов Аян Қайратұлына шаруа қожалығын жүргізу үшін Бурабай ауданының арнайы жер қорының жерінен, Атамекен ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан, ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы алаңы 173, 4 га, оның ішінде егіс­тік 155,6 га, табиғи жайылым 17,8 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі мерзімді жер пай­далану құқығы берілсін. Аудан әкімі (қолы) Т.Ташмағамбетов». (Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі. Қаулы. 2015.11.09. Щучинск қаласы. № а-9/421.)

Жаңажол аулындағы жыртылған жерлердің сызбасы

Жаңажол ауылының сызбасы.

Сонымен қатар ауыл әкіміне ауыз­ша қойған сұрағымызға берген түсіндірмесінде жерді жыртқан баласы Ербол Дауылбайұлы екенін де жоққа шығармады. «Ол жерлерді жыртқан менің ба­лам Ербол екені рас. Бірақ бұл жерлер менің баламның жері емес. Бұл – Аян Жәкеновтің жері. Ерболдың өз жеке шаруа қожалығы, өзіне тиесілі 100 гектарға жуық жері бар. Ал сол Жаңа­жол ауылының маңын жыртты дей­тін себебі ондай техника қазір тек Ерболда ғана болғандықтан, сол маңдағы шаруа қожалықтары Ер­бол­дың техникасын жалға алып жыртқызған», – дейді. Оның айтуынша, шаруа қожалығының ие­сі Аян Жакенов қазір Щучинск қа­­ласында тұратын көрінеді. Өткен жылы сұрағанымызда Дауылбай Қапезов ол жерлер әлі де игерілмей жатқанын тек, жыртылып тасталғанын айтқан болатын. Алайда жерді 2015 жылы жалға бер­ген. Содан бері игерілмей жатқан. Ауыл тұрғындарының айтуынша, «Игерілмеген жерлер қайтарылады» деген заң шыққан соң 2019 жылы жерді жырта бастаған.

Біз бұдан кейін экс-әкім Дауылбай Қапезовпен де хабарласып, өткен жылғы мәселені сұрап көрдік. Ол қазір зейнеткер екенін айтады. Және де бұл жер мәселесіне қатысты комиссияға қатысып жүргенін де жасырмады.

Енді бір қызық жайт, ауыл тұрғындары қазіргі әкім де бұл жер мәселесін шешуге құлықсыз екенін айтады. Өйткені ол жер иеленіп отырған шаруа қожалығының жиені көрінеді. Біз мұны экс-әкім Дауылбай Қапезовтен сұрап көргенімізде ол: «Ауылдың айналасындағы жерді сатып алған тек Аян Жәкеновтың ғана емес, онда Әбдірахмановтардың 200 гектар жері бар. Ол жерді алдыңғы жылы конкурс арқылы алған. Қазіргі әкім Қанай Сағындықұлы Әбдірахмановтардың жиені», – дейді.

Ауыл тұрғындары бұған дейін Дауылбай Қапезовтың ұлы Ербол Дауылбайұлынан жерді жыртып тастағанын айтып зар илеп келсе келсе, енді Әбдірахманов деген шаруа қожалығының жиені, қазіргі Атамекен ауылдық округінің әкімі Қанай Есекей бұл мәселені шеше қоюы екіталай екенін айтып қынжылады. Өйткені қазіргі әкім бұл мәселе «шешіле қоюы қиын» десе, экс-әкім Дауылбай Қапезов «Жаңа заңды күтіп отырмыз, мүмкін алда ауыл тұрғындарының жайлымдық жерін кеңейтіп береміз» дейді. Сонымен әзірге екі басшының сөзі екі жаққа қарап тұр.

Ал жоғарыда аталған жер жеке шаруа қожалығына берілетін кезде жергілікті әкімшілік ауыл тұрғындарымен санасты ма? Яғни конкурстық комиссия ауыл тұрғындарымен петиция өткізіп, келісім алуы керек. Екінші, ауыл мен шаруа қожалығының арасындағы санитарлық арақашықтықтың өлшемі қанша болуы керек? Бұл талаптар заң бойынша жүзеге асты ма? Міне, бұл сұрақтарымызға ауыл әкімі нақты жауап бермеді. Оның айтуынша, барлығы заңды әрі конкурcтық комиссияның шешімімен жүзеге асқан дейді. Ал комиссияның құрамында кімдер отыр, ол жағы да күмәнді.

Бақытбек Қадыр

MalimBlocks
Аймагамбетов: Хочу настроить вице-министров

Упоминание президентом вопроса коррупции на недавно прошедшем расширенном заседании правительства заставило депутатов мажилиса собраться на круглый столе и самим себе поставить галочку. Председатель комитета по социально-культурному развитию мажилиса Асхат Аймагамбетов знал, какое это скучное занятие. Видимо поэтому ему захотелось услышать от приглашенных вице-министров что-то необычное, о чем он известил их заранее, но те так и не смогли оторваться от своих тусклых докладов.