Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президенттің інілері министрді соққыға жыққан

Саясат
Президенттің інілері министрді соққыға жыққан

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның немере інілері дәрігер, шенділерді тепкілеген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Тәжікстан президентінің туған қарындасы Курбонби Рахмонова коронавирустан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдары Фахриддин, Фаррух және Зиедали (Сафаровтар) есімді ұлдары денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозодадан бастап, мемлекет басшысы аппараты жанындағы мединица орталығының басшысы Холмахмад Рахимзодаға дейін соққыға жыққан. Оларды Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Эмомали сабырға шақырып, ажыратып алған.

64 жастағы Курбонби Раммонова 20-шы шілде күні ауруханада көз жұмған. Оны емдеуге Ресей, Өзбекстан, Германиядан мамандар шақырылған. Ол қайтыс болар алдында шетелдік дәрігерлер емнің дұрыс болмағанын айтқан. Осы мәлімдеме ағайынды Сафаровтардың ашу-ызасын туғызған.

Соққыдан денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозода иығынан жарақат алған. Ол АҚШ-тың Тәжікстанға 1,5 миллион дана Moderna вакцинасын табыстау шарасына қатыспаған. Президенттің қарындасы 21 шілдеде жерленген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу