Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Иран мен Израиль басшыларымен сөйлесті

Әлем
Путин Иран мен Израиль басшыларымен сөйлесті

Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және Иран президенті Масуд Пезешкиянмен (елдегі ең жоғары лауазымды тұлға емес) өткізген телефон сөйлесулері туралы хабарлады.

Путин мен Нетаньяху арасындағы әңгімеде «ирандық ядролық бағдарламаға қатысты барлық мәселелерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешудің және келіссөздер процесіне қайта оралудың маңыздылығы» атап өтілді, деп мәлімдеді Кремль.

Сондай-ақ, Путин «қақтығыстың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін делдалдық көмек көрсетуге дайын» екенін жеткізді.

Иран президентімен сөйлесу кезінде Путин «Израиль соққылары салдарынан қаза тапқандардың, оның ішінде бейбіт тұрғындардың көп болуына байланысты Иран Ислам Республикасының басшылығы мен халқына көңіл айтты», делінген Кремль таратқан коммюникеде.

Сондай-ақ, Путин «БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұза отырып жасалған Израиль әрекеттерін Ресейдің айыптайтынын» атап өтті.

Айта кетейік, Украинадағы ауқымды соғыс басталғалы Ресей мен Иранның қарым-қатынасы едәуір нығайды. Мәскеу үшін Тегеран қару-жарақ, әсіресе шабуылдаушы дрондар жеткізуші маңызды әріптеске айналды.

Сонымен қатар, Ресей Израильмен де салыстырмалы түрде конструктивті қатынасты сақтап отыр. Израиль Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларына қосылған жоқ.

Фото: kremlin.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу