АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесе бастады, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Трамп өкілінің айтуынша, АҚШ және Ресей президенттері Гринвич уақыты бойынша 14:00-де (Мәскеу уақытымен 17:00) келіссөз жүргізуде.
«Олар сөйлесіп жатыр, бәрі жақсы», – деп жазды АҚШ президентінің ресми өкілі Дэн Скавино X желісінде.
Бұған дейін Трамп Путинмен Ресей-Украина соғысында бітім шарттарын талқылауға уәде берген болатын.
Фото: Reuters