Алматы маңайындағы тауда жоғалып кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрислам өлі табылды деп хабарлайды malim.kz тілшісі Lider.kz еріктілер ұйымының хабарына сүйеніп.
"Қаза болыпты. Туғандары мен жақындарына көңіл айтамыз", -
делінген еріктілер таратқан хабарда.
Жігіттің қазасын Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда", -
деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Туысқандарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалында белсенді болған. Іздеуге 40-тан аса адам қатысты.
Photo: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz