Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қайрат» – «Реал» матчын көргісі келгендер интернет сапасына шағымданып жатыр

Қоғам
«Қайрат» – «Реал» матчын көргісі келгендер интернет сапасына шағымданып жатыр

«Қайрат» – «Реал» матчын көруге ниеттенген жанкүйерлер Қазақстандағы интернеттің сапасына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақтелеком, сұмдық нашар интернет үшін рақмет», – деп жазды, мысалы, бір қолданушы сенбі күні.

Сонымен қатар интернет мәселесі өзге провайдерлерде де байқалуда.

Кейбір қолданушылар сын айтуда бейәдеп сөздерден де тайсалмай отыр, ал енді біреулері профильді министрдің отставкасын талап етуде.

«Қайрат» – «Реал» матчы кезінде Qazaqstan және Qazsport телеарналарының сайттары істен шыққан.

Дәл қазір 1-тайм аяқталды, ал мадридтік клуб 25-минутта Килиан Мбаппе орындаған пенальтидің арқасында алматылықтар қақпасына бір гол соғып, 0:1 есебімен алда тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу