Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қайратқа демалу керек": Медеу Арынбаев өнердегі інісі Қайрат Нұртасқа кеңес айтты

Қоғам
"Қайратқа демалу керек": Медеу Арынбаев өнердегі інісі Қайрат Нұртасқа кеңес айтты
Caravan.kz коллажы

Белгілі әнші, қазақ эстрадасының майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, Қайраттың еңбегі зор болғанымен, оған қазір біраз тынығу қажет.

«Қайратқа демалу керек. Егер оның дауысы мүлде жарамсыз болса, халық мұнша сүйіп, көтермес еді. Халық бекер айтпайды. Ол өзіне тән ерекше ырғақ пен “ыңырсу” мәнерін тапқан. Бұл – қобыздың сарыны сияқты, қазақтың жан дүниесіне жақын дыбыс элементі», – деді Медеу Арынбаев.

Сонымен қатар ол Қайратқа кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуге кеңес берді.

«Ол фониатрға барып, дауысын емдеткені дұрыс. Себебі бұл оңай жұмыс емес. Біз сияқты айына бір рет сахнаға шықпайды. Ол күн сайын дерлік жолда, тойда, концертте жүр. Мұның бәрі үлкен күш пен сақтықты қажет етеді», – деп түйіндеді әнші.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу