Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтар оқиғасының артында кім тұр? - Назарбаев жауап берді.

Саясат
Қаңтар оқиғасының артында кім тұр? - Назарбаев жауап берді.

Экс-президент  Назарбаев қаңтар бүлігі  туралы пікір білдірді.

Ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген  сұхбатында «Қаңтар оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Бұл трагедия бәріміз үшін сабақ болды. Осы бүлік пен адам өлтірудің артында кім тұрғанын анықтау маңызды. Тергеу бұл сұраққа жауап беретініне сенімдімін", - деді.

Назарбаев  құқық қорғау органдарының  елдегі тәртіпсіздіктерден неге бейхабар болғанын анықтау қажеттігін де атап өтті.

Сондай-ақ экс-президент  қаңтар оқиғасы уақытында  өзі туралы таралған қауесетке жауап берді.

«Дәл сол сәтте мен үшін түрлі сыбыстарға жауап беру емес, біздің президентке қолдау көрсету маңызды болды. Мен оған Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырдым. Президенттің батыл әрекетінің арқасында жағдайдың одан әрі ушығуына жол берілген жоқ», - деді Назарбаев.       

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу