Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында суға батып кеткен жасөспірім мен ер адамның денесі табылды

Қоғам
Қарағанды облысында суға батып кеткен жасөспірім мен ер адамның денесі табылды

Қарағанды облысында суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші оқиға Бұқар Жырау ауданында тіркелді. Заречное ауылы маңындағы Соқыр өзенінен 2009 жылы туған жасөспірімнің денесі табылды.

Екінші жағдай Теміртау қаласында болды. Техникалық арнадан 1969 жылы туған ер адамның денесі шығарылды.

Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:

- жүзуді білмесеңіз, белден жоғары суға кірмеңіз;

-балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

-алкоголь ішкен күйде шомылмаңыз;

-арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

-қауіпсіз қашықтықтан алыстамаңыз;

-қараңғы уақытта суға түспеңіз;

-үрлемелі құралдарға сенбеңіз;

-құтқару құралдарынсыз қайық немесе өзге де жүзу құралдарын пайдалануға болмайды.

ТЖД өкілдері судағы қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігінде екенін еске салады.

Фото: Қарағанды облысы ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу