Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды

Құқық
Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды

Полиция қызметкерлері аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бастап облыс аумағында 25 мал ұрлығы тіркеліп, оның 18-і ашылған

Мәселен, өткен аптада Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын Голштейн асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп жазды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, аталған блок-бекеттер ерекше үкімге дейін жұмыс атқарады. Мал ұрлығының басым бөлігі еркін жайылымнан болса, кейбір жағдайларда мал иесі төрт түлігінің қай уақытта жоғалғанын білмейді.

Полицияға жайылымнан мал жоғалу бойынша 17 арыз түсіп, жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында 106 мал, яғни 56 жылқы, 12 ірі қара, 38 ұсақ жандық табылған.

Фото: Polisia.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу