freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыдағы қанды қылмыс: Анасы мен қызы жер қойнына тапсырылды

Қоғам
Қарағандыдағы қанды қылмыс: Анасы мен қызы жер қойнына тапсырылды
Фото: top-news.kz

Сәтбаев қаласында 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызын соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың денелері Қарағандыдағы жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерден оқ жарақаттарымен табылған. Әйел адам мен қыз баланы өлтірген күдікті ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Бүгін Сәтбаевта облыс орталығында қайғылы қаза тапқан ана мен қыз жер қойнына тапсырылды.

Қайғылы оқиға «комфорт-плюс» санатындағы жаңа тұрғын үй кешенінде болған. Әйел бұл пәтерді жақында ипотекаға сатып алып, қоныс тойын жасаған.

Әйелдің туыстары оның байланысқа шықпай қалғанына алаңдап, бір тәуліктен кейін үйіне келген. Алайда есікті ешкім ашпаған. Құлып бұзылған соң, пәтерден әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіттері табылған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияровтың мәліметінше, күдікті ер адамның денесі Ақтоғай ауданынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз атына тіркелген қарумен өз-өзіне қол жұмсаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу