Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы хабармен бөлісті, деп жазады ozgeris.info.
Өнер иесінің әкесі дүниеден озған.
«Папам фәни жалғаннан озды... Жақындарым 88 жас – той жас деп жұбатып жатыр. Дұрыс сөз, бірақ қоштасу шынымен өте қиын… Әкем мені төрт қызының ішінен ерекше жақсы көрді.
Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерін дамытуға көп еңбек сіңірген, баян мен домбыраны шебер меңгерген, өңірге кең танылған өнерпаз еді… Рухыңыз пейіште шалқысын, папа…», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.