Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарапайым тұрғын үш баланы өрттен құтқарып қалды

Оқиға
Қарапайым тұрғын үш баланы өрттен құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында үш баланы құтқарып қалған тұрғын марапатталды.

Жеке тұрғын үйде өрт түнде шыққан. Сол күні кезекшілікте болған Айдын Ақанов үйдің шатырының лапылдап жанып жатқанын байқап қалады. Жедел қимылдап, көмекке ұмтылады.

Аулаға кіргенде, үйдің кіреберісі отқа оранып үлгерген екен. Ішінен балалардың айқайлап, жылаған дауысы естілді. 

Ер адам ойланбастан терезені сындырып, қою түтін толған бөлмеден 2019, 2010 және 2009 жылы туған үш қызды алып шықты. Батыл азамат оларды көрші үйге жеткізіп, қауіпсіз жерге орналастырды. Абырой болғанда, балаларға медициналық көмек қажет болмады.

38 жастағы азаматтың бұл ерлігі ескерусіз қалмады. Өрт кезінде үш қызды құтқарған Айдын Ақанов СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ балаларды құтқарған батырға аудан әкімі, өзі жұмыс істейтін «Рощинское 2016» ЖШС басшылығы және қоғам өкілдері алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Фото: облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу