freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарыз алып құрбандық шалуға бола ма? Мүфтият түсіндірді

Қоғам
Қарыз алып құрбандық шалуға бола ма? Мүфтият түсіндірді
ЖИ/Kazinform

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында өтеді. Мерекенің алғашқы күні — 27 мамыр ресми демалыс. Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков Құрбан айт пен Арафа күнінің мәні және құрбандық шалу тәртібі туралы түсіндірді.

Арафа күні мен Құрбан айттың мәні

Құрбан айт — Ибраһим пайғамбардан қалған, тарихы 48 ғасырға созылатын қасиетті сүннет амал.

Мерекеден бір күн бұрын келетін Арафа күнінің де мұсылмандар үшін орны бөлек. Бұл күні қажылыққа барған миллиондаған мұсылман Арафат тауының етегінде дұға қылса, елде қалған қауым ораза ұстап, айтқа дайындық жасайды.

— Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күндердің ішіндегі ең жақсысы Арафа күні екенін айтқан. Бұл күні ұсталған ораза өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Халқымыз ықылым заманнан бері Арафа күні үйінде иіс шығарып, шелпек пісіріп, ұлық мерекеге ерекше дайындалған, — дейді Смайыл Сейітбеков Jibek Joly телеарнасының «Бүгін.LIVE» бағдарламасында. 

Құрбандық шалу кімдерге міндетті?

Бас мүфти кеңесшісінің айтуынша, құрбан шалу — бұл тек материалдық мүмкіндігі бар адамдарға ғана жүктелетін міндет. Шариғат бойынша, меншігінде 40 қойы, 30 сиыры, 5 түйесі бар немесе 85 грамм алтынға тең келетін бос қаражаты бар мұсылман құрбандық шалуға міндетті.

— Құрбандық шалуға жағдайы бар-жоғына қарамастан бәріне бірдей міндет деген қате ойдан арылуымыз керек. Қарызданып, қысылып-қымтырылып құрбан шалуға болмайды. Егер мүмкіндік болмаса, ол адамға ешқандай кінә артпайды. Ондай жандар айт намазына барып, қол жайып дұға жасап, айтшыласа жеткілікті, — деп түсіндірді дінтанушы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу